masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

6 апреля, 2021
in Cаясат, MASA24.KZ, Жаңалықтар
0
АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
0
SHARES
18
VIEWS
БөлісуТуиттеу

АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түркістан облысында тұңғыш рет әйел адам қала тізгінін қолына алды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Арыс қалалық мәслихаты депутаттарының қолдауымен, Арыс қаласының әкімі болып Гүлжан Мамытқызы Құрманбекова тағайындалды. Жаңа әкімді қала активіне арнайы таныстырған Өмірзақ Естайұлы оның алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді.Облыс әкімі Арыс қаласының жаңа басшысының алдына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту бойынша бірқатар міндеттер жүктеп отыр.

«Арыс — өте маңызды аумақ. Қалада  жасалатын жұмыстар жеткілікті. Шағын және орта бизнес саласын, ауыл шаруашылығы саласын дамыту керек. Ең бастысы бизнесті жандандырып, инвестиция тарту керек. Ол үшін барлық мүмкіндіктер бар. Гүлжан Мамытқызы өте тәжірибелі. Бюджет, қаржы, әлеуметтік салаларынды жетік меңгерген. Өзімнің кеңесшім болған. Тәжірибесі мол, еңбекқор азамат. Алда атқарылар істер көп»,- деді облыс әкімі.  Арыс қаласының жаңа әкімі Гүлжан Құрманбекова өзіне артылған сенімді ақтап, Арыстың дамуы мен өркендеуі жолында бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді. Гүлжан Құрманбекова 1965 жылы Отырар ауданында дүниеге келген. 1987 жылы Алматы халық шаруашылық институтын бітірді. Еңбек жолын Шәуілдір жолаушылар автокөлігі мекемесінің кассирі болып бастаған. Қызылқұм аудандық қаржы бөлімінің кіріс есебінің инспекторы, тексеруші –инспекторы, аға экономисті қызметтерін атқарған.   ОҚО қалалық қаржы бөлімінің аға тексеруші-инспекторы, бас экономист, бас маман-бас экономисті. ОҚО білім департаментінің бас маманы, Шымкент қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары. Шымкент қаласының қаржы бөлімінің бастығы.   – Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімінің бастығы, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылдан бері Түркістан облысы әкімінің экономика, қаржы мәселелері бойынша кеңесшісі болды.

Previous Post

М. ӘЙТЕНОВ: «ЭКОНОМИКАМЫЗДА БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРАТЫН ЖОБАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУІМІЗ КЕРЕК»

Next Post

ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫ МЕН РЫСҚҰЛОВ КӨШЕСІНІҢ ҚИЫЛЫСЫНДАҒЫ ЖОЛАЙРЫҚ КӨЛІК ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫН 45 МЫҢҒА ҰЛҒАЙТАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде