masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН АБЗАЛ ЖАН

30 марта, 2021
in MASA24.KZ, Денсаулық, Жаңалықтар
0
АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН АБЗАЛ ЖАН
0
SHARES
25
VIEWS
БөлісуТуиттеу

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН АБЗАЛ ЖАН

Шымкентте №6 емханада еңбек ететін онколог-дәрігер Атамша Набиевті шымкенттіктер ғана емес, шет мемлекеттерден мол тәжірибесі мен біліктілігі үшін іздеп келетіндер бар. Жоғары санатты онколог, онкохирург, медицина ғылымдарының кандидаты Атамша Набиевтің медицина саласында 30 жылға жуық тәжірибесі бар.

Атамша Нәбиев – бас және мойын ісіктері бойынша бейінді онколог-маман. Білікті маманның ұйытқы болуымен Шымкент қалалық онкология орталығында (бұрынғы облыстық онкологиялық диспансер) бас және мойын ісіктерінің бөлімі ашылған. Ол күрделі деген лагинэктомия, кеңірдектің ағзаларын сақтайтын резекциялары мен жоғарғы және төменгі жақ резекциясын, тонзиллэктомия, тіл және сілекей бездерін резекциялау және алу, Крайль мен Ванаха операциялары, тиреоэктомия сияқты операцияларды жақсы меңгерген дәрігер.
Республикада онкологтар арасында тәжірибелі маман саналатын алтын қолды дәрігер Санкт-Петербург, Челябинск, Анкара, Ташкент қалаларында біліктілігін арттырған.
Бүгінде өз ісінің хас шебері жас мамандарға қалқанша безінің түйіндеріне жұқа инелі аспирациялық биопсия жасауды үйретуде. Бас және мойын ісіктері бойынша бейінді онколог-маманды Ресей, Өзбекстан, Белгия елдерінен арнайы іздеп келетіндердің қарасы көп.

Қазіргі таңда, Шымкент қалалық №6 емханада еңбек ететін дәрігер онкологиялық аурулардың санын азайтуда өз білімі мен тәжірибесін пайдаланып, қатерлі ісік ауруларының алдын алу, қатерсіз ісіктерге ем-дом жүргізуде аянбай еңбек етіп, тұрғындардың алғысына бөленіп жүрген ақ халатты абзал жан.

Previous Post

Назначен главный врач Шымкентской городской больницы №2

Next Post

Аяжан Еділованы қатыгездікпен өлтірді деген күдіктінің РАХМАНБЕРДІ ТӨРЕБЕКОВ суреті жарияланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде