masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

103 ЖЕЛІСІНДЕГІ БІЛІКТІ МАМАН

30 марта, 2021
in MASA24.KZ, Жаңалықтар
0
ТАЗАЛЫҚ — БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ
0
SHARES
23
VIEWS
БөлісуТуиттеу

103 ЖЕЛІСІНДЕГІ БІЛІКТІ МАМАН

Бүгінде жедел жәрдем орталығындағы мамандар тынымсыз еңбек етуде. Әсіресе пандемия тұсында 103 желісіндегі мамандарға үлкен салмақ түсті. Өз бастарын қауіпке тіге отыра науқастарға жедел жәрдем көрсетуге асықты.

Жедел жәрдем – бұл науқас адаммен ең бірінші болып бетпе-бет кездесу, алғашқы шұғыл көмек көрсету. Ең алғаш науқас адам жедел жәрдемге қоңырау шалады. Науқастың жағдайын анықтап, диагноз қоятын да солар. Сол диагнозбен ауруханаға жеткізгенге дейін көмек көрсету міндеті болып табылады.

Осындай қиындығы басым қызмет саласында Жолдасбек Тоғанаев он жылдан аса уақыт жұмыс жасап келе жатыр. Сол уақыт аралығында ауыр жағдайдағы науқастарға сәтті реанимация жасап, ажалдан арашалап қалған абзал жандардың бірі. Білікті маман биылдың өзінде екі тұрғында сәтті реанимация жасап, аман қалуына себепкер болды.

Жедел жәрдем қызметкерлерінің бойында батылдық пен жанашырлық болу керек деп есептейді жас маман.

«Жұмысымды қатты жақсы көремін. Адамдарға көмектескенді ұнатамын. Науқастардың жеңілдеп, жағдайлары жақсарған кездегі бейнелерін көрсек біз үшін сол қуаныш. Үлкен кісілер баталарын беріп те жатады. Бұл оңай кәсіп емес, әрине. Кейде қысылтаяң жағдайларға тап боласың, ондайда тез ойлап, жылдам шешім қабылдау керек, — дейді дәрігер.

Жолдасбекті әріптестері кәсіби маман деп ерекше құрмет тұтады. Себебі жедел жәрдем қажет ететін науқастарға шұғыл көмек көрсетуде өзінің кәсібилігін танытып келеді.

Previous Post

СОХРАНЕНИЕ ЧИСТОТЫ - НАША ОБЩАЯ ЗАДАЧА

Next Post

КВАЛИФИЦИРОВАННЫЙ СПЕЦИАЛИСТ СЛУЖБЫ 103

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде