masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Шымкентте қайтарымсыз грантқа құжат қабылдау басталады

23 марта, 2021
in MASA24.KZ, Жаңалықтар
0
Шымкентте қайтарымсыз грантқа құжат қабылдау басталады
0
SHARES
17
VIEWS
БөлісуТуиттеу

«ШЫМКЕНТТЕ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ»,- деп хабарлайды masa24.kz ақпарат агенттігі

Шымкент қаласындағы халықты жұмыспен қамту орталығы қайтарымсыз мемлекеттік грантқа құжат қабылдау басталатынын хабарлайды. Биылғы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты грантқа өтініш білдіру онлайн форматта жүзеге асырылатын болады.

Азаматтардың құжаттары Telegram желісіндегі @enbekshymkentBot мекен-жайы бойынша 2021 жылдың 26 наурыз күні
09.00-ден кешкі 19.00-ге дейін қабылданады.

Құжаттарды тапсыру бейнероликтің үлгісі қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының Instagram әлеуметтік желісіндегі zhumispen.kamtu және Facebook-тегі «Шымкент жұмыспен қамту орталығы» парақшаларында көрсетілген.

Мемлекеттік грантқа төмендегі санаттағы азаматтар қатыса алады:
📌«Бизнес бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарынан өтіп, арнайы сертификат алған жұмыссыз және бірыңғай жиынтық төлем жүргізген азаматтар;
📌тұрмысы төмен аз қамтамасыз етілген атаулы әлеуметтік көмек алатын табысы аз көп балалы отбасылардың мүшелері;
📌қандастар мен қоныс аударушылар. Аталған санаттағы азаматтардан (ережеге сәйкес) «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне немесе қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсынан өту талап етілмейді.

Грантқа өтініш білдіру үшін келесі құжаттар талап етіледі:
1. Өтініш;
2. Жеке куәлік, ал қандастар үшін – қандас куәлігі
3. Бизнес жоспар;
4. Сертификат («Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе «Еңбек» бағдарламасының І бағыты шеңберінде 3 айлық оқуды аяқтаған жөнінде құжат).

Previous Post

ПРЕДПРИЯТИЕ, НЕ ИМЕЮЩЕЕ АНАЛОГОВ В СНГ, РАСПОЛОЖЕНО В ШЫМКЕНТЕ

Next Post

В ШЫМКЕНТЕ НАЧНЕТСЯ ПРИЕМ ДОКУМЕНТОВ НА БЕЗВОЗВРАТНЫЙ ГРАНТ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде