masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «НАУРЫЗ» АЙТЫС ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

21 марта, 2021
in MASA24.KZ, Жаңалықтар
0

SHARES
24
VIEWS
БөлісуТуиттеу

«ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «НАУРЫЗ» АЙТЫС ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ» ,-деп хабарлайды masa24.kz ақпарат агенттігі

Шымкентте Ұлыстың ұлы күні мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Жүрсіннің жүйріктері, Сәбиттің сәйгүліктері», «Наурыз, гүл көктем, жыл басы» атты республикалық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған айтысқа бүкіл республикадан 15 ақын шақырылған болатын. Айтыстың екінші күніне бес жұп ақын іріктеліп алынды. Айтысты белгілі ақын Жүрсін Ерман жүргізсе, дүбірлі доданы тамашалауға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов келді.

Наурызды жырға қосқан ақындар, ел бірлігі мен ынтымақты, ұлттық құндылығымыз бен дәстүріміз жайын сөз етті. Халық әртісі Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Нұр-Сұлтан қаласынан келген Еркебұлан Қайназаровқа берілді.

Топтан оза шапқан ақынға қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан 2 миллион теңгенің сертификатын табыс етті. Ал бірінші орынға лайық деп танылған Батыс қазақстандық Бауыржан Ширмединұлына 1 млн. теңге берілді. Әрқайсысы 500 мың теңгенің сертификатына ие болған Бекарыс Шойбеков және Айбек Қалиев екінші орынға табан тіреді. Алматы қаласының тумасы Шұғайып Сезімхан, шымкенттік Нұрлан Есенқұлов пен Қалижан Білдаш үшінші орынды иемденсе, оларға 300 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді. Қалған қатысушыларға арнайы жүлде, Мәделіқожа, Майлықожа, Құлыншақ, Көппай Омаров, Тәушан Әбуова, Орынбай Тайманов және Қаныбек Сарыбаев атындағы жүлделер берілді.

«Наурыз» айтыс республикалық ақындар айтысы «Түркістан» сарайында қазіргі жағдайдағы барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.

Previous Post

“В ЭТОМ ГОДУ НАУРЫЗ МАССОВО ПРАЗДНОВАТЬ НЕ БУДУТ”

Next Post

ТМД ЕЛДЕРІНДЕ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ КӘСІПОРЫН ШЫМКЕНТТЕ ОРНАЛАСҚАН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде