masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ҰЛАНДЫҚТАР МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРУДЕ

29 ноября, 2026
in Uncategorized
0
ҰЛАНДЫҚТАР МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРУДЕ
0
SHARES
3
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін елімізде мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің жеке құрамы да өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, дауыс беруде.

Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінің аумағында орналасқан №107 сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат 06:00-де басталды.

Алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбеков сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

Дауыс беруші сарбаздардың басым бөлігі сайлауға алғаш рет қатысып отыр. Солардың бірі – екі ай бұрын Тараз қаласынан мерзімді әскери қызметке шақырылған қатардағы жауынгер Еркебұлан Саухан.

– Мен Тараз қаласынан шақырылдым. Өмірімде бірінші рет дауыс бердім. Отанымыздың болашағына бей-жай қарай алмаймын. Сондықтан өз таңдауымды жасадым, – дейді жас сарбаз.

Әскери бөлімде сайлаушылардың өз таңдауын еркін әрі жасырын жасауына қажетті жағдайлар жасалған. Сайлау учаскесі дауыс беру жәшіктерімен және алты арнайы кабинамен жабдықталған.

Айта кетейік, Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты сегіз әскери бөлімде дауыс беру таңғы сағат 06:00-де басталды.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ САЙЛАУЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ УЧАСКЕСІ АШЫЛДЫ

Next Post

ГВАРДЕЙЦЫ ГОЛОСУЮТ НА ВЫБОРАХ ДЕПУТАТОВ МАСЛИХАТОВ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде