masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Ұлттық ұлан қатарында 200-ге жуық өлең жазған сарбаз қызмет етеді

24 ноября, 2026
in Uncategorized
0
Ұлттық ұлан қатарында 200-ге жуық өлең жазған сарбаз қызмет етеді
0
SHARES
5
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5574 әскери бөлімінде 19 жастағы ақын сарбаз Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Талдықорған облысының тумасы Серік Асхатұлы әскери қызметпен қатар шығармашылығын да жалғастырып, бүгінге дейін жинағына 200-ге жуық өлеңін топтастырған.

✍️Серік бала кезінен әдебиетке жақын болды. Мектептен кейін журналистика мамандығы бойынша жоғары оқу орнына түсіп, білім алды. Студенттік шағында курстастарымен бірге «Шамшырақ» атты театр ашуға да атсалысқан. Өнерге деген қызығушылығы оның шығармашылық ізденісіне жол ашты.

⭐️Жас ақынның өлеңдерінде философиялық ойлар, өмір, сезім мен адам болмысына қатысты сауалдар жиі кездеседі. Алғашқы шығармаларының бір бөлігі баянсыз махаббат тақырыбынан бастау алған. Оның айтуынша, өлең жазу үшін арнайы шабытты күтпейді. Кейде көңілде жүрген ой мен жауап іздеген сұрақтың өзі ақ параққа түсуге түрткі болады.

Ұландыққа қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері Мұхтар Шаханов пен Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы ерекше ұнайды. Олардың өлеңдеріндегі терең ой мен сөз өрнегі жас ақынның өзіндік ізденісіне әсер еткен. Бір қызығы, отбасында ақындық қасиеті бар адам жоқ. Соған қарамастан, ол әдебиетке деген ықыласын өз бетінше дамытып келеді.

Бүгінде Серік Түркістан қаласының көшелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында патрульдік қызмет атқарады. Түркі әлемінің рухани астанасы саналатын көне шаһардың тарихи орындары, бай мұрасы мен ерекше атмосферасы жас сарбазға шығармашылық шабыт сыйлайды. Әскери ортаға келгеннен бері оның өлеңдерінде отансүйгіштік тақырыбы да кеңінен көрініс таба бастаған. Бұрын көбіне сезім мен өмір туралы толғанса, енді туған жер, елге қызмет ету, Отан алдындағы борыш секілді тақырыптарды да жырға қосып жүр.

Осылайша, әскери қызмет жас ақын үшін шығармашылығына кедергі емес, керісінше, жаңа тақырыптарға жол ашқан ортаға айналды. Күнделікті әскери міндеттерін атқара жүріп, бос уақытында қарымды қаламымен өлең қорын толықтыруды жалғастырып келеді.

Previous Post

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде
imunify-bot-check