masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте «Жаяу жүргінші» іс-шарасы барысында 3,5 мың құқық бұзушылық анықталды

20 ноября, 2026
in Uncategorized
0
0
SHARES
5
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Қала прокуратурасының үйлестіруімен ағымдағы жылғы 13–22 қараша аралығында Полиция департаменті «Жаяу жүргінші» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Іс-шараның мақсаты — жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру.

Рейдтік іс-шараларға прокуратура қызметкерлері, автопатрульдік экипаждар мен жаяу патрульдік нарядтар жұмылдырылған.

Құқық бұзушылықтарды анықтау және жол қозғалысын бақылау полицияның Жедел басқару орталығы мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен жүзеге асырылуда.

Тек, 13-16 қарашада 3,5 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуінің 1775 және жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол бермеуінің 514 дерегі тіркелді. Осы құқық бұзушылықтар бойынша 2289 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Рейдтік жұмыстар нәтижесінде өткен аптаның сәйкес кезеңімен салыстырғанда жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер тарапынан анықталған құқық бұзушылықтар саны 104%-ға (1 124-тен 2 289-ға дейін) өскен.

Атап айтқанда, жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу деректері (ӘҚБтК-нің 600-бабы) 2,5 есеге (145-тен 514 дерекке дейін), ал жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы қағидаларын бұзу деректері (ӘҚБтК-нің 615-бабы) 81,3 % (979-дан 1775 дерекке дейін) артқан.

Бұл көрсеткіштер жол қозғалысы қағидаларының сақталуына бақылауды күшейтудің маңыздылығын көрсетеді.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау – баршамызға ортақ міндет.

Осыған байланысты қала прокуратурасы жаяу жүргіншілерді жолды тек белгіленген орындардан кесіп өтіп, бағдаршам талаптарын сақтауға, ал жүргізушілерді жаяу жүргіншілерге жол беріп, олардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.

 

 

Қала прокуратурасы

Previous Post

В Шымкенте в ходе мероприятия «Пешеход» выявлено 3,5 тыс. правонарушений

Next Post

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚУАТЫН АРТТЫРУ – СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде