masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ӘСКЕРЛЕРІНІҢ ҚАТАРЫН ТОЛЫҚТЫРУДА

19 ноября, 2026
in Uncategorized
0
ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ӘСКЕРЛЕРІНІҢ ҚАТАРЫН ТОЛЫҚТЫРУДА
0
SHARES
5
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдерін жасақтау және азаматтық қорғау саласына кәсіби кадрлар даярлау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта Шымкент қаласында күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Ақмола облысының Ақкөл қаласында орналасқан ТЖМ-нің 55209 әскери бөліміне жас сарбаздарды іріктеу және жөнелту бойынша кешенді шаралар ұйымдастырылды.

Аталған жұмыс Шымкент қаласы бойынша Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен бірлесіп жүргізілді. Әскери бөлімде қызмет етуге ұсынылған үміткерлердің арасынан белгіленген талаптарға сәйкес келетін 23 жас азаматты іріктеу жоспарланды.

Іріктеу кезінде жастардың денсаулық жағдайы, физикалық дайындығы, моральдық-психологиялық тұрақтылығы, тәртібі мен әскери қызметке деген ынтасы ескерілді. Үміткерлермен жеке әңгімелесу және психологиялық тестілеу жүргізіліп, олардың алдағы әскери қызметке дайындығы жан-жақты зерделенді.

Сонымен қатар, болашақ сарбаздармен және олардың ата-аналарымен түсіндіру кездесулері өткізіліп, әскери қызметтің ерекшеліктері, бөлімдегі тұрмыстық жағдайлар, қызмет өткеру тәртібі, қауіпсіздік талаптары мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы толық ақпарат берілді.

Жастарға мерзімді әскери қызметтің азаматтық өмірдегі мүмкіндіктері де түсіндірілді. Атап айтқанда, әскери борышын өтеген азаматтардың алдағы уақытта азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, сондай-ақ жоғары оқу орындарына түсу кезінде қарастырылған жеңілдіктері жөнінде мәліметтер ұсынылды.

Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарында патриоттық бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесулер барысында Отан алдындағы азаматтық борышты өтеудің маңызы, азаматтық қорғау саласының қоғамдағы рөлі және Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесіндегі қызметтің ерекшеліктері кеңінен насихатталды.

Әскерге шақырылушыларды Ақмола облысына жөнелтуге қажетті ұйымдастыру шаралары да толық қамтамасыз етілді. Департамент тарапынан 23 сарбаз бен оларды алып жүретін екі сүйемелдеуші тұлғаға теміржол билеттерін броньдау жұмыстары жүргізілді.

Әскерге шақыру науқанының барысы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілер мен ақпараттық платформаларда тұрақты түрде жарияланып, арнайы ақпараттық материалдар мен телесюжеттер әзірленді.

Аталған жұмыстардың барлығы жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайтуға, азаматтық қорғау әскерлерінің қатарын лайықты кадрлармен толықтыруға және ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне жас буынның үлесін арттыруға бағытталған.

Previous Post

ҒЫЛЫМ, ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

Next Post

В Туркестанской области открылся крупнейший в Центральной Азии откормочный комплекс на 50 тысяч голов скота

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде