«Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері ұрпақ саулығын қорғау мақсатында Қазақстанда энергетикалық сусындарды өндіруге, коммерциялық мақсатта әкелуге және сатуға толық тыйым салуды ұсынып отыр.
Бірлестік өкілдерінің айтуынша, әр баланың аман-есен өсіп, әр отбасының жақындарының қызығын көруі – қоғам үшін маңызды құндылық. Сондықтан халық денсаулығын қорғау бағытында бүгіннен бастап нақты шаралар қабылдау қажет.
Осыған байланысты Үкіметке энергетикалық сусындардың саудасына, соның ішінде интернет пен жеткізу қызметтері арқылы сатылуына, сондай-ақ жарнамасына тыйым салуды көздейтін заң жобасын әзірлеу ұсынылды.
«Әкелер одағы» бастаманы көпшіліктің қолдауына шақырып, азаматтарды петицияға қол қоюға және бейнеүндеуді кеңінен таратуға үндейді.
Бүгінгі қолдау – ертеңгі ұрпақтың саулығына қосылған үлес. Отбасы денсаулығын бірге қорғайық!
Толығырақ:https://www.facebook.com/share/v/1X2RpJu42h/?mibextid=wwXIfr
#ӘкелерОдағы #ДеніСауҰрпақ #ОтбасыСаулығы #ПетицияныҚолда



