masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНДА ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕРДІ ІСКЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

4 ноября, 2026
in Uncategorized
0
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНДА ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕРДІ ІСКЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ
0
SHARES
4
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты Жолдауын іске асыруға арналған қалалық актив отырысы өтті.

Жиынға жергілікті атқарушы және өкілді органдардың басшылары, зиялы қауым өкілдері, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты.

Отырысты ашқан қала әкімі Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің алдағы дамуындағы стратегиялық бағдарларды айқындап, өңірлерге экономиканы нығайту, инфрақұрылымды жаңарту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша нақты міндеттер жүктейтінін атап өтті. Оның айтуынша, Президент белгілеген бағыттар жергілікті деңгейде жүйелі жұмыс жүргізуді және нақты нәтижеге бағдарлануды талап етеді.

Қала әкімі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, баспана құрылысы, көлік және энергетика жүйелерін жетілдіру, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау және Шымкенттің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Жиын барысында қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Бұхарбай Парманов, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Әбдез Иманқұлов, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова сөз сөйледі. Қатысушылар Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша өз қолдауларын білдіріп, өзекті даму мәселелерін көтерді және тиісті салалардағы жұмысты жетілдіруге қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Отырысты қорытындылаған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Шымкенттің алдағы даму бағыттарын айқындап, таяу жылдарға арналған жоспарларымен бөлісті.

Атап айтқанда, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды одан әрі дамыту, білім беру, денсаулық сақтау, спорт және қоғамдық қауіпсіздік нысандарын салу, баспана қорын кеңейту, жол желісі мен энергетикалық кешенді жаңарту мәселелері сөз болды.

Сондай-ақ, қаланың инвестициялық әлеуетін арттыруға, кәсіпкерлікті қолдауға, өндірістік қуаттарды кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға басымдық берілді. Бұл бағыттар Шымкент экономикасын нығайтып, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

Жиын қорытындысында мегаполис басшысы қатысушыларға мазмұнды ұсыныстары үшін алғыс айтып, басшыларды жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындауға, өзара үйлесімді жұмысты қамтамасыз етуге және әр бағыт бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізуге шақырды.

Previous Post

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІКТЕР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Next Post

ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде