masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

ШЫМКЕНТТІҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫН РЕСПУБЛИКА ДЕҢГЕЙІНЕ КӨТЕРУ ҚАЖЕТ

18 марта, 2021
in Cаясат
0
ШЫМКЕНТТІҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫН РЕСПУБЛИКА ДЕҢГЕЙІНЕ КӨТЕРУ ҚАЖЕТ
0
SHARES
28
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті үшінші сессиясында қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді. Сессияның күн тәртібінде қаралған 2021-2023 жылдарға арналған қала бюджетіне өзгерістер енгізу бойынша қала депутаттарының ұсыныстарын баяндаған А.Елшиева басқа өңірден мәдениет саласына мамандар мен құрал жабдықтар тарту қала экономикасына кері әсерін тигізетінін және ол бағытқа бөлінетін қаржыны инфрақұрылымға бөлу қажеттігін айтса, қала басшысы мәдениет саласын дамыту негізінде ең басты байлығымыз-адам капиталы екенін, мәдениет саласын дамытуды тұрақты қолдап отыру керектігін айтты.

«Шымкент — еліміздің үшінші мегаполисі болғандықтан мәдениет саласын Республика деңгейіне көтеруіміз қажет. Бұл салаға сол деңгейдегі мамандарды тарта отырып дамыта аламыз. Жергілікті мамандардың біліктілігі мен кәсібилігіне сенімсіздік танытпаймын. Дегенмен еліміздің мәдениет саласының дамуына үлес қосып келетін тәжірибелі азаматтардың көмегіне жүгінуге болады. Мәдениет дегеніміз бірден көтерілмейді, оны көтеруге 10-20 жыл уақыт керек. Ал, инфрақұрылым мәселесін 1-3 жылда шешуге болады», -деді қала әкімі.

Сессия отырысында қала бюджетіне өзгерістер енгізіліп, 2021-2023 жылға арналған қала бюджеті 448 млрд. теңге болып нақтыланды. Бұл қаржының басым көпшілігі шеткі шағын аудандардың инженерлік-инфрақұрылымын салуға, халықты тұрғын үймен қамтуға және денсаулық сақтау саласының материалдық базасын нығайтуға бағытталатын болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

ШЫМКЕНТТІК БОКСШЫ ҚЫЗДЫҢ СОҚҚЫСЫ ЖОЙҚЫН, ТЕХНИКАСЫ ЖЕТІК

Next Post

ПЕДАГОГ ИЗ ШЫМКЕНТА УДОСТОИЛСЯ ПОЧЕТНОГО ЗВАНИЯ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде