masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home жастар

Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

25 октября, 2026
in жастар, Жаңалықтар, Қоғам
0
Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.
0
SHARES
4
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Республика күні қарсаңында Түркістандағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5574 әскери бөлімінің аға лейтенанты Ғаламат Нышанбек жас сарбаздарға әскери істің негіздерін үйретіп жүр. Еске салайық, Ұлттық ұлан Академиясын үздік бітірген ол 4 маусымда, Мемлекеттік рәміздер күнінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан алғашқы офицерлік шен алды.

Биыл Ғаламат Нышанбек Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан Академиясын тәмамдады. Биыл оқу орнының тарихында алғаш рет бес түлек оқу орнын бітіргеннен кейін қызмет өткеру орнына аттанбай тұрып-ақ «аға лейтенант» әскери шеніне ие болды. Оларға алғашқы офицерлік шендерді Мемлекет басшысы табыстаған болатын.

Төрт жыл бойы болашақ офицер әскери істі меңгеріп, оқытушылар мен құқықтық тәртіп әскерлері офицерлерінен сабақ алды. Енді Ғаламат алған білімі мен дағдыларын жеке құраммен жұмыста қолданып жатыр. Ол сарбаздарға әскери қызметтің негіздерін үйретіп, сабақтар өткізеді және күн тәртібінің сақталуын қадағалайды.

Алда жас командирді қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі қызмет күтіп тұр. Ол жеке құраммен бірге Түркістан тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Биыл еліміздің күштік құрылымдарының қатары 150-ден астам жас офицермен толықты. Түлектер арасында халықаралық ынтымақтастық аясында Ұлттық ұлан Академиясында білім алған Тәжікстан Республикасының өкілдері де бар.

Previous Post

Состоялся праздничный концерт, посвященный Дню Республики

Next Post

День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде