masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

24 октября, 2026
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында елдегі жол сапасы мен оның бойындағы инфрақұрылымның, соның ішінде санитарлық нысандардың жағдайын бірнеше рет қатаң сынаған болатын. Президент тапсырмасын орындау мақсатында республикамызда алғаш рет Түркістан облысында «Жол жиегі — ел келбеті» атты акция басталды.
Аталған акция облыстың барлық аудан-қалаларында, бір мезетте өткізілді. Тазалық іс-шарасына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев арнайы қатысты. Сондай-ақ, аудан басшылары мен мекеме қызметкерлері атсалысты. Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары аудандардағы автомобиль жолдарының санитарлық жағдайы, жол бойындағы аумақтардың тазалығы, абаттандыру жұмыстары және қоршаған ортаны қорғау бағытында атқарылып жатқан шаралармен танысты.
Сонымен қатар, жауапты сала басшылары мен жергілікті атқарушы орган өкілдеріне жол бойындағы тазалықты сақтау, анықталған кемшіліктерді жою және тазалық жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берді.
Айта кетейік, акцияға облыс бойынша 85 мыңға жуық адам және 500-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Бұл қатарда әкімдік қызметкерлері, коммуналдық мекемелер, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет саласының ұжымдары және ерікті жастары мен тұрғындар бар.
«Жол жиегі — ел келбеті» акциясының негізгі мақсаты – автомобиль жолдарының бойын таза ұстау, қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Аталған акция Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында жалғасатын болады.
Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы — 17 692 шақырым. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 678 шақырым
Previous Post

ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

Next Post

АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде