Республика күні қарсаңында Түркістан облысында 2026 жылдың 17-27 қазан күндері «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтіп жатыр. Бұл күндері бірқатар сауда орындары тұтынушыларға тауарларды төмендетілген бағамен ұсынатын болады. Жалпыреспубликалық науқанның бастамашылары — ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар.
Ұлттық мерекеге орайластырылған акциялар — халық үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады. Түркістан облысында «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысатын сауда нысандарының толық тізімімен және олардың мекенжайларымен төменде танысуға болады.
«Republic Day» акциясы;
1. «Karavan saray» СОО, Түркістан қ, Б.Саттарханов, 14;
2. «Khanshaiym Plaza» СОО Түркістан қ., Б.Саттарханов, 33А;
3. «Turan mall» СОО, Түркістан қ., Жаңа қала ш/а, Шымкент тас жолы, 9;
4. «Түркістан Плаза» СҮ, Түркістан қ., Жолбарыс хан, 1/5;
5. «Керуен сарай» СҮ, Түркістан қ., Тәуке хан, 243;
6. «Инара» СҮ, Түркістан қ., Тауке хан даңғылы;
7. «Қазына» СҮ, Түркістан қ., Қызылорда трассасы;
8. «Әссалям» СҮ, Тәуке хан даңғылы;
9. «Дастархан» СҮ, Түркістан қ., Б.Саттарханов, 16;
10. «Юг сити» СҮ, Түркістан қ., Тәуке хан, 188;
«Bereke Fest» акциясы:
1. «Магнум» СҮ, Түркістан қ., Б.Саттарханов 33А;
2. «Halyk» СҮ, Түркістан қ., Батырбеков, 6;
3. «Дастархан» супермаркеті, Түркістан қ., Б.Саттарханов, 16;
4. «Бәйтерек» супермаркеті, Түркістан қ., Тәуке хан, 334;
5. «Молшылық» супермаркеті, Түркістан қ., Отырар ш/а, 26;
6. «Шұғыла» супермаркеті, Түркістан қ., С.Ерубаев, 63;
7. «City +» супермаркеті, Түркістан қ., 32-көше, 19;
8. «Аль-Кәусар» супермаркеті, Түркістан қ., Ерубаев, 293;
9. «Қанағат» супермаркеті, Түркістан қ., Жүйнек, 25;
10. «Ырыс» супермаркеті, Түркістан қ., Жаңа қала ш/а, 18;



