masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістан облысында «Қорғау» жүйесі жол ережесін бұзған жүргізушілерді әшкереледі

19 октября, 2026
in Uncategorized
0
0
SHARES
8
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысында полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Қорғау» ақпараттық жүйесі арқылы бақылау жұмыстарын жүргізуде.
Ордабасы ауданында жүргізілген тексеру барысында жол қозғалысы ережелерін бұзған және әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегін уақытылы өтемеген бірнеше жүргізуші анықталды.
Атап айтқанда, Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі жылдамдықты асыруға байланысты бес рет құқық бұзған. Ал Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі де белгіленген жылдамдық режимін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Полиция қызметкерлерінің түсіндіру жұмыстарынан кейін екі жүргізуші де берешектерін өтеді.
Сонымен қатар Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісінің жылдамдықты асыру және көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу деректері бойынша 60 мың теңгеден астам берешегі бары анықталды. Заңнама талаптарына сәйкес, автокөлік айыптұраққа қойылды.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және әкімшілік айыппұлдарды белгіленген мерзімде төлеуге шақырады. Мұндай шаралар жолдағы тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
#Заңментәртіп
#ЗАКОНИПОРЯДОК

Previous Post

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — ОРТАҚ МӘСЕЛЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде