masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ШЫМКЕНТТЕ ҮШ БІРДЕЙ ШАХМАТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

15 октября, 2026
in Uncategorized
0
В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ ТРИ ДОМА ШАХМАТИСТОВ
0
SHARES
4
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Жаңа нысандар Абай атындағы саябақта, Металлургтер саябағында және 17-шағынаудандағы жаяу жүргіншілер аллеясында орналасқан. Ашылу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) және Қазақстан шахмат федерациясының (KazChess) президенті Тимур Турлов қатысты.

Қала әкімі жаңа шахмат үйлерінің ашылуы тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, балалар мен жастардың ой-өрісін кеңейтуге бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.

«Қаламызда шахматқа деген қызығушылықтың жыл сайын артып келе жатқаны қуантады. 2024 жылы Орталық саябақта ардагерлер мен аға буын өкілдеріне арналған Шахмат үйі ашылған болатын. Бүгінде бұл игі бастама жалғасуда. Жаңа нысандар тұрғындарға бас қосуға, шахматпен тұрақты айналысуға және бос уақытын пайдалы өткізуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да бұқаралық спортты дамытуға және дарынды спортшыларды қолдауға ерекше көңіл бөлеміз», – деді Ғабит Сыздықбеков.

Айта кетейік, ең үлкен шахмат үйі Абай атындағы саябақта орналасқан, оның аумағы – 223 шаршы метр. Қалған екі павильонның әрқайсысының ауданы 81 шаршы метрді құрайды. Олардың бірінде жазғы терраса қарастырылған. Барлық нысан арнайы шахмат үстелдерімен жабдықталған.

FIDE және KazChess президенті Тимур Турлов шахмат инфрақұрылымының қолжетімді болуы болашақ чемпиондарды даярлау және шахмат қозғалысын одан әрі дамытуда маңызды екенін атап өтті.

«Шымкент турнирлер саны мен дарынды ойыншылардың, әсіресе балалар мен жастардың үлесі бойынша көшбасшы қалалардың қатарына сенімді түрде еніп келеді. Дегенмен, чемпиондар өздігінен қалыптаспайды. Үлкен спорт бұқаралық қызығушылық пен ойынға деген сүйіспеншіліктен басталады. Сондықтан бірден үш шахмат үйінің ашылуын маңызды қадам деп санаймын. Бұл нысандар қаланың қоғамдық өмірінің ажырамас бөлігіне айналып, Шымкенттің Қазақстан мен Орталық Азиядағы жетекші шахмат орталықтарының бірі ретіндегі орнын нығайта түсетініне сенімдімін», – деді Тимур Турлов.

Нысандардың құрылысын Freedom Holding Corp. компаниясы «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры арқылы қаржыландырды. Құрылыс жұмысын «Орда-Строй Капитал» ЖШС атқарған нысандар пайдалануға берілгеннен кейін Freedom Telecom оларды интернет желісіне қосуды жоспарлап отыр.

Жаңа шахмат үйлерінің ашылуы Шымкентте осы спорт түрін дамытуға бағытталған көп жылдық жұмыстың жалғасы болды.

Мегаполистің бай шахмат тарихы бар. Тамара Клинк, Ләззат Тәжиева, Гүлісхан Нахбаева және Ринат Жұмабаев секілді танымал спортшылардың есімдері қаланың атымен тығыз байланысты. Шымкент шахмат мектебінің өкілдері бірнеше рет ел чемпиондары атанып, халықаралық жарыстарда өнер көрсетті.

Бүгінде бұл дәстүрлер балалар спортын дамыту және ірі жарыстар өткізу арқылы жалғасын тауып келеді. Шымкентте ірі халықаралық жарыстар да өткізіледі. 2024 жылы FIDE әйелдер арасындағы Гран-при кезеңі ұйымдастырылса, 2026 жылдың наурызында жүлде қоры 25 млн теңгені құрайтын KazChess Masters Nauryz халықаралық турнирі өтті.

Шахматтық білім беру саласы да дамып келеді. Тамыз айында 48 жергілікті педагог «Білім берудегі шахмат» бағдарламасы бойынша оқудан өтті.

Осылайша үш шахмат үйінің ашылуы Шымкентте зияткерлік спортты дамыту бағытындағы жұмыстың жалғасына айналды. Жаңа алаңдар шахматпен айналысу мүмкіндігін кеңейтіп, әуесқой ойыншылар мен тәжірибелі спортшылардың басын қосады және осы спортқа қызығушылық танытатын қала тұрғындарының санын арттыруға ықпал етеді.

Previous Post

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ ТРИ ДОМА ШАХМАТИСТОВ

Next Post

Чистота начинается с нас

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде