masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

14 октября, 2026
in Uncategorized
0
Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті:  Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды
0
SHARES
5
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін Түркістан облысы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы болып өтті. Жиынды облыстық аумақтық сайлау комиссиясының Төрағасы Аңсар Жаңабайұлы Өсербаев ашып, жүргізді.
Отырыс барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2026 жылғы 12 қазандағы «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығы мен ҚР Орталық сайлау комиссиясының тиісті қаулысы талқыланды. Осыған орай, аймақта барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы ресми түрде басталып, басты ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Жиын барысында күн тәртібіндегі негізгі үш мәселе бірауыздан қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауды дайындау мен өткізудің негізгі күнтізбелік жоспары бекітілді. Оған сәйкес, кандидаттарды ұсыну науқаны қазан айының 14-і мен 27 қазан сағат кешкі 18.00-ге дейін өтеді, ал кандидаттарды тіркеу жұмыстары 1 қараша 18.00-де аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 1 қараша 18.00-ден кейін басталып, 28 қарашада нөл сағатта аяқталады.
28 қараша – «Тыныштық күні», ал 29 қараша – Сайлау күні болып белгіленді.
Екінші мәселе — сайлау инфрақұрылымына қатысты, өңірде алдағы науқанды үйлестіру үшін барлығы 1 285 сайлау комиссиясы жұмыс істейді (құрамында 7 976 маман бар). Олардың қатарында облыстық, 17 аудандық/қалалық, округтік және 952 учаскелік сайлау комиссиялары (оның ішінде 26 жабық учаске) бар.
ҚР ОСК 2026 жылғы 1 қазандағы реестріне сай, облыста 1 209 560 сайлаушы тіркелген (бұл өңір халқының 56%-ын құрайды). Комиссиялар мен сайлау округтерінің тізімдерін жұртшылыққа уақтылы жариялау және сайлаушыларды орналасқан жері туралы хабардар ету жұмыстары күшейтіледі.
Күн тәртібіне сәйкес, жұмыс кестесі бекітілді. Учаскелік сайлау комиссияларының алдағы науқанға дайындық аясындағы жұмыс кестелері нақтыланып, бекітілді.
Отырыс соңында Түркістан облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы электоралдық процесті заң талаптарына сай, ашық, әрі жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізу үшін жауапты мекемелер мен комиссия мүшелеріне бірқатар нақты міндеттер жүктеді.
Облыс бойынша жалпы 338 депутат сайланады. Оның ішінде:
облыстық мәслихат: 23 депутат – партиялық тізім, 23 депутат – бірмандаттық сайлау округі бойынша.

Ал 292 депутат – бірмандаттық сайлау округі бойынша, оның ішінде 44 — қалалық, аудандық — 248.

Previous Post

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

Next Post

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде