masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

6 октября, 2026
in Жаңалықтар, Спорт, Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ
0
SHARES
10
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өткен ХХ жазғы Азия ойындары мәресіне жетті. Құрлықтың басты спорт додасында Қазақстан ұлттық құрамасы 84 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 8-орынға тұрақтады. Ұлттық құрама сапындағы спортшылар 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль иеленді.
Байрақты бәсекеде Түркістан облысының спортшылары да ел намысын абыроймен қорғап, ұлттық құраманың жүлде қоржынына елеулі үлес қосты. Өңірден 35 спортшы спорттың 14 түрінен сынға түсіп, 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль еншіледі.
Азия ойындарынан жүлдемен оралған түркістандық спортшылардың бір тобы бүгін туған жерге табан тіреді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Түркістан халықаралық әуежайынан ел-жұрт ерекше құрметпен қарсы алды. Олардың қатарында дзюдодан командалық жарыста күміс медаль иеленген Айдар Арапов, еркін күрестен қола жүлдегер атанған Едіге Қасымбек және әйелдер күресінен ел қоржынына қола медаль салған Нилуфар Раимова бар.
Жерлестерін қарсы алу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, спорт саласының мамандары, спортшылардың туған-туыстары мен жанкүйерлері қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары спортшыларды жеңістерімен құттықтап, олардың жетістігі өңір спортының дамуына серпін беретінін атап өтті.
– Түркістан төрінде қуанышты сәтте жолығып тұрмыз. Жапониядағы Азия ойындарында олжа салған батырларымыз елге оралды. Туған жерге қош келдіңіздер! Облысымыздан 30-дан астам спортшы бақ сынады. Нәтижесінде спортшыларымыз 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды, 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында 2 күміс, 2 қола медаль еншілеген болатын. Бүгін міне еліміздің, оның ішінде облысымыздың намысын байрақты бәсекеде қорғаған боз кілем шеберлері дзюдошы Айдар Арапов командалық сайыста күміс медаль еншілесе, еркін-әйелдер күресінен Нильуфар Раймова мен Едіге Қасымбек қола медаль жеңіп алды. Сіздер құрлықтың үздік спортшыларымен сайысқа түсіп, табандылық пен жоғары шеберлік көрсеттіңіздер. Сіздердің жеңістеріңіз бен жүлделеріңіз – тынымсыз еңбектің жемісі мен елімізге жасалған үлкен жетістік. Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, Олимпиада ойындарында еліміздің көк туын желбіретулеріңізге тілектеспіз, – деді Ертай Кенжебекұлы.
Азия ойындарының жүлдегерлері көрсетілген құрметке алғыстарын білдіріп, алдағы халықаралық додаларда ел мен өңір намысын абыроймен қорғау үшін бұдан да жоғары нәтижелерге ұмтылатындарын жеткізді.
Previous Post

ПОРУЧЕНИЕ ПРЕЗИДЕНТА ИСПОЛНЕНО: В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛСЯ РЕАБИЛИТАЦИОННЫЙ ЦЕНТР НА 150 МЕСТ

Next Post

Колледжден әскери сапқа: бір топта оқыған жеті түлек Ұлттық ұланды таңдады.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде