masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БОКСТАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚАРСЫ АЛДЫ

5 октября, 2026
in Жаңалықтар, Спорт
0
БОКСТАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚАРСЫ АЛДЫ
0
SHARES
9
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Жапонияның Аичи және Нагоя қаласында өткен ХХ Жазғы Азия ойындарында жерлестеріміз, ағайынды Махмұд және Төрехан Сабырхан жеңімпаз және жүлдегер атанған болатын. Азия ойындарының чемпионы Төрехан мен қола жүлдегер Махмұд Сабырханды Қажымұқан атындағы Орталық стадионда салтанатты күтіп алу іс-шарасы өтті. Жиынға спорт мектебі басшылары мен жаттықтырушылар, жерлестері, жанкүйерлері және туған-туыстары, М.Әуезов атындағы ОҚЗУ студенттері қатысты.

Салтанатты рәсімде қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Жолдықараев қос боксшыны жеңісімен құттықтап, ағайындылар қазақ спортының тарихында жарқын жеңістерге жетіп жатқанын атап өтті.
— Ағайынды Сабырхандардың жеңісі – бүкіл Қазақстан халқының қуанышы. Олар туған жеріміздің ғана емес, күллі елдің абыройын асқақтатты. Бұл жеңіс одан әрі де жалғасын табатынына сенеміз. Алда Олимпиада ойындары келе жатыр. Енді спортшылар сол жауапты бәсекеге тыңғылықты дайындыққа кіріседі, – деді Қанат Жарылқапұлы.

Сондай-ақ, М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-дың Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев оқу орнының шәкірттерін кезекті жеңісімен құттықтап, алдағы Олимпиада ойындарында да сәттілік тіледі.
Іс-шарада жеңімпаз боксшылар бұл жеңіспен тоқтап қалмайтынын, алдағы жауапты сындарда да жанкүйерлерді қуанту үшін бар-күш жігерін салатындарын жеткізді.
Айта кетсек, екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 55 келі салмақта Азия ойындарында жартылай финалға дейін жетті. Ал, Төрехан Сабырхан 70 келі салмақ дәрежесінде финалда Иордания боксшысын жеңіп, алтын медальді жеңіп алды.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ ОРАЙ ПЕДАГОГТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде