masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ҰЛЫ АБАЙ ӘЛЕМІН ШЫМКЕНТПЕН БАЙЛАНЫСТЫРАТЫН ЖӘДІГЕР ТАБЫЛДЫ!!!

17 марта, 2021
in Мәдениет
0
ҰЛЫ АБАЙ ӘЛЕМІН ШЫМКЕНТПЕН БАЙЛАНЫСТЫРАТЫН ЖӘДІГЕР ТАБЫЛДЫ!!!
0
SHARES
19
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Тұрағұлдың сүйегі Шымкентте жатыр деген енді болжам емес. ОҚЫҢЫЗ!!!!!

«Мұхтартану» ғылыми орталығының қызметкерлері ізденісінің нәтижесінде Хакім Абайдың Шымкентте жерленген перзенті Турағұл Ибраһимұлына қатысты тың дерек шықты.

1990 жылдары Турағұлдың қызы — Мәкен Турағұлқызы әкесінің аты өшпесін деп һәм мәңгі тарих болсын деп арнайы тастұғыр жасатқан екен. Бір ерекшілігі ол тастұғырда тек Турағұлдың ғана емес, өзге де Абай ұрпақтарының есімдері қашап жазылған. Қош, бұл Тастұғырда:

Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек,

деген ұлы Абайдың өлеңімен қоса: «Абай Құнанбаевтың Шымкент қаласында жерленген үрім-бұтағы»: орысша мәтінде: «Родственники Абая Кунанбаева похороненные в городе Шымкенте» деп, оған қоса 4 адамның есімі қай жылы, қай жерде жерленгендері қазақ-орыс тілдерінде қашап жазылған. Олар:

Тұрағұл Абайұлы – Әйгерімнен туған. 1934 ж. ХФЗаймағы.
Келіндері: Дәмежан – Микайлдің әйелі. 1960 ж. Шұқырсай.
Камалия – Әубәкірдің әйелі. 1962 ж. Қасқа зираты.
Немересі: Әубәкір – Ақылбайдың ұлы. 1933 ж. Көксай

Турагул Абайулы – сын Айгерим. 1934 г. Р-Н ХФЗ.
Жены сыновей: Дамежан – жена Микайла. 1960 г. Шукырсай.
Камалия – жена Аубакира. 1962г. К-ше Каска.
Внук: Аубакир – сын Акылбая. 1933 г. Коксай.

Міне, тастұғырдағы мәтін осылай берілген. Тағы бір соны дерек бұл тастұғыр — осы күнге дейін ғалымдар айтып жүргендей «Турағұлдың сүйегі завод астында қалып қойды» деген пікірді түбегейлі теріске шығарады. Оған қоса бұл тастұғыр 1990 жылдардан бері «Химфарм» акционерлік қоғамының арнайы бөлімінде сақталып келген. Еліміз еңсе тіктеп, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлар тұста компания басшылығы бұл құнды жәдігердің «Мұхтартану» ғылыми орталығына табыс етілуін жөн деп тауыпты. Осы тастұғырды көздерінің қарашығындай сақтап, бүгінге дейін шық жудыртпай сақтап отырған «Химфарм» акционерлік қоғамының әкімшілік менеджері Бекен Жақыпбеков пен компания қызметкері Аян Тоқсанбаев есімді қазақтың нар тұлғалы жігіттеріне һәм ағаларымызға айтар алғысымыз шексіз.

Тастұғыр бүгін ғана М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Мұхтартану» ғылыми орталығының төрінен орын тапты, ағайын!
Азимхан Исабек

Previous Post

Задержан преступник в розыске

Next Post

ШЫМКЕНТТЕГІ №12 СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ҚОСЫМША ҒИМАРАТЫ ЖЫЛ СОҢЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде