masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ШЫМКЕНТТЕ АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

1 октября, 2026
in Uncategorized
0
ШЫМКЕНТТЕ АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
0
SHARES
7
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Халықаралық қарттар күніне орай Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков аға буын өкілдерінің шаңырақтарына барып, мерекемен құттықтады. Қала әкімі Рахматулла Мәуленов, Өркен Әбдіреев, Шәки Күлмажитов және Сәбит Рүстемовтің үйлерінде болды.

Кездесу барысында қариялар өздерінің естеліктерін бөлісіп, еңбек жолдары мен отбасылық дәстүрлері туралы әңгімеледі. Қала әкімі ардагерлердің көп жылғы еңбегі мен Шымкенттің дамуына қосқан үлесіне алғысын білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады, сондай-ақ, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр мен бақ-береке және жан тыныштығын тіледі.

Айта кетейік, бүгінде Шымкентте 105 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Оларға арнап өмір сүру сапасын арттыруға, денсаулығын нығайтуға және белсенді өмір салтын ұстануға бағытталған түрлі әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған.

Халықаралық қарттар күніне орай Шымкентте жасы 70-тен асқан 29 841 тұрғынға 3 АЕК мөлшерінде біржолғы көмек көрсетілді. Сондай-ақ, 80 жастан асқан жалғызбасты 101 қарияға ай сайын 2 АЕК көлемінде әлеуметтік төлем беріледі.

Биыл санаторий-курорттық жолдамамен 8 735 адамды қамту жоспарланып, соның ішінде 5 090 адам қамтамасыз етілді. «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының төрт бөлімшесінде күн сайын 800-ден астам зейнеткер түрлі іс-шараларға қатысады. Олар үшін спорттық, шығармашылық және сауықтыру бағытындағы сабақтар ұйымдастырылған.

70 жастан асқан тұрғындар қоғамдық көлікте тегін жүреді. Сонымен қатар қарияларға театрларға, музейлерге, хайуанаттар бағына және дендросаябаққа тегін бару қарастырылған.

Previous Post

ҮШ ҰРПАҚ – ОРТАҚ МҰРАТ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАРИЯЛАР ӨЗАРА КІМ МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ

Next Post

В ШЫМКЕНТЕ ПОЗДРАВИЛИ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ СТАРШЕГО ПОКОЛЕНИЯ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде