masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕГІ ЖАҢА АВТОКӨЛІК ӨТКЕЛІ АШЫЛДЫ

30 сентября, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ШЫМКЕНТТЕ ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕГІ ЖАҢА АВТОКӨЛІК ӨТКЕЛІ АШЫЛДЫ
0
SHARES
16
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкентте Тіленшин көшесіндегі теміржолдың үстінен салынған жаңа автокөлік өткелі техникалық тұрғыда ашылып, автокөліктердің қозғалысы іске қосылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жақын маңдағы елдімекендердің тұрғындары қатысты.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Шымкент қаласының көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында Момынов және Тіленшин көшелеріндегі өткелдердің негізгі құрылысы өткен жылы басталған. Жобалар қаланың аудандары арасындағы байланысты күшейтуге, көлік қатынасын жақсартуға және қозғалысқа қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.

Өткел теміржолдағы пойыз қозғалысының жоғары қарқындылығына байланысты ерекше маңызды. Бұл учаске арқылы тәулігіне орта есеппен 59 пойыз өтеді. Соның салдарынан теміржол өткелі 10-20 минутқа жабылып, көлік кептелісін туындатып, жол жүру уақытын ұлғайтатын.

Жаңа нысан автомобиль және теміржол қозғалысын бір-бірінен бөліп, көліктің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етеді.

Жаңа жол өткелі – биыл пайдалануға берілген екінші нысан. Қаңтар айында Момынов көшесіндегі автокөлік өткелі ашылған болатын. Екі нысан да автокөлік жолы және теміржол желісінің қиылысындағы көлік қатынасын жақсартуға және қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің айтуынша, көлік инфрақұрылымын дамыту Шымкенттің даму қарқынына сай жүргізіліп, қаланың әр ауданындағы тұрғындардың қажеттіліктерін ескеруі тиіс.

Тіленшин көшесіндегі жол өткелі ашылғаннан кейін оның айналасындағы аумақты абаттандыру жұмысы жалғасады. Жол өткелінің іске қосылуы іргелес көшелердегі қозғалыс жағдайын жақсартуға, теміржолдан өтудегі қауіпсіздікті арттыруға және қала тұрғындарының жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ЖҰРТШЫЛЫҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

Next Post

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІТ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде