masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«HANDELSBLATT» ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ МАҚАЛАСЫН ЖАРИЯЛАДЫ: ҚАЗАҚСТАН ГЕРМАНИЯМЕН ӨНЕРКӘСІП, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУДІ ҰСЫНАДЫ

29 сентября, 2026
in Uncategorized
0
«HANDELSBLATT» ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ МАҚАЛАСЫН ЖАРИЯЛАДЫ: ҚАЗАҚСТАН ГЕРМАНИЯМЕН ӨНЕРКӘСІП, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУДІ ҰСЫНАДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Энергетикалық ауысымға және цифрландыруға ауадай қажет стратегиялық ресурстар.

Қазақстан Еуропа экономикасында стратегиялық мәнге ие 34 шикізат түрінің 21-ін өндіреді. Олардың арасында литий, кремний, кобальт, ниобий, вольфрам және мыс секілді элементтер бар. Аталған материалдар энергетикалық ауысымға, машина жасау, өнеркәсіп өндірісі, микроэлектроника, цифрлық технология салаларына ауадай қажет.

Біз германиялық серіктестерге тек шикізат жеткізуге кепілдік беріп қана қоймай, геологиялық барлау мен кен өндіруден бастап, оны өңдеу, компоненттер шығару және материалдарды қайта қадеге жарату кезеңдерін түгел қамтитын толық өндіріс тізбегін қалыптастыруды ұсынамыз.

Байланыстарымыздың тағы бір маңызды бағыты – энергетика. Қазақстан Еуропаға тұрақты түрде энергия ресурстарын жеткізуші ел ретінде сенімге ие болды. Еуропа Одағына импортталатын мұнайдың шамамен 13 пайызын, табиғи уранның 20 пайызын Қазақстан қамтамасыз етеді. 2025 жылы Германияға жеткізілген мұнай көлемі 10 миллион тоннадан асты.

Біз көлік тасымалы мүмкіндіктерін ескере отырып, бұл міндетті одан әрі жауапкершілікпен атқаруға әзірміз.

Жаңартылатын қуат көздері, электр желілерін жаңғырту және энергия тиімділігін арттыру бағыттарындағы серіктестік келешегінен көп үміт күтеміз. Экономикалық байланысты нығайта түсу үшін Шығыс пен Батысты жалғайтын сенімді көлік дәлізі қажет.

Қытайдан Еуропаға құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 85 пайызға жуығы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Былтыр шамамен 40 миллион тонна жүк жеткізілді.

Транскаспий халықаралық көлік бағдары Азия мен Еуропа арасындағы көлік қатынастары мүмкіндіктерін кеңейтіп жатыр. Биылғы сегіз айдың нәтижесінде аталған дәлізбен тасымалданған жүк көлемі 22 пайызға, ал Шығыс – Батыс бағытындағы транзит 55 пайызға өсті.

Жаңа көлік жобалары бірқатар өңірді Каспий теңізіндегі айлақтармен тікелей байланыстырып, Қытай – Еуропа бағытын 1000 шақырымға қысқартады. Осылайша біз жолды қысқартатын бағыттарды қалыптастырып, Германия бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отырмыз.

Тағы бір әлеуетті бағыт – неміс компанияларын еліміздің аумағы арқылы әуе жүк тасымалын жүзеге асыруға белсенді тарту және Қазақстандағы әуе хабтарын дамыту.

Previous Post

ШИКІЗАТ ЖЕТКІЗУМЕН ҒАНА ШЕКТЕЛМЕЙТІН ЖАҢА ӘРІПТЕСТІК: ТОҚАЕВ ГЕРМАНИЯҒА ЖАҢА СЕРІКТЕСТІК МОДЕЛІН ҰСЫНДЫ

Next Post

ҚАЗАҚСТАН МЕН ГЕРМАНИЯ ӨНЕРКӘСІПТІК ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КООПЕРАЦИЯНЫ ТЕРЕҢДЕТУГЕ НИЕТТІ – ТОҚАЕВТЫҢ «HANDELSBLATT» БАСЫЛЫМЫНДАҒЫ МАҚАЛАСЫНАН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде