masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ

25 сентября, 2026
in Uncategorized
0
ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ
0
SHARES
6
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-қытай инвестициялық форумының екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланысты нығайтатын тұрақты алаңға айналуы қажет екенін атап өтті.

Президент Қазақстан инвестициялық жобаларды іске асыру үшін заманауи әрі тиімді қаржылық тетіктерді қалыптастыруға басымдық беріп отырғанын айтты. Осы ретте «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Гонконг арасындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктер ашатынына назар аударды.

Қыркүйек айының басында «Самұрық-Қазына» қоры Орталық Азия және ШЫҰ елдерінің эмитенттері арасында алғашқылардың бірі болып Қытайдың банкаралық нарығына шықты. Қор жалпы сомасы 3 миллиард юаньнан астам панда-облигациялар шығарды.

Сондай-ақ Kazakh Invest ұлттық компаниясы жанынан қазақ-қытай инвестициялық қорын құру туралы келісімге қол қойылды. Мемлекет басшысы бұл қадамды инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетудегі маңызды бағыттардың бірі ретінде атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев форумды жыл сайын қыркүйек айында «Қазақстан-Қытай» Алматы инвестициялық диалогы атауымен өткізуді ұсынды. Оның айтуынша, мұндай тұрақты алаң нақты жобалар мен жаңа келісімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Президент Қазақстанның Қытаймен мәңгі достық және стратегиялық серіктестік байланыстарын одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өтті.

«Қазақстан мен Қытай – екі дос, көршілес ел болып, әрбір істі ойдағыдай жүзеге асырады» деді Мемлекет басшысы.

Previous Post

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Next Post

ЧП в Актау: государство демонстрирует оперативную реакцию на чрезвычайную ситуацию

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде