masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КҮЗДІ ТАЗА ҚАРСЫ АЛАЙЫҚ!

24 сентября, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
КҮЗДІ ТАЗА ҚАРСЫ АЛАЙЫҚ!
0
SHARES
12
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Отырар ауданында «World Cleanup Day» – Дүниежүзілік тазалық күні аясында «Күзді таза қарсы алайық!» айдарымен ауқымды сенбілік өтті. Іс шараның мақсаты — қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды абаттандыру және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру болып табылады.
Сенбілікке аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы бастаған мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері, белсенді жастар, аудандағы білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысты.
Тазалық жұмыстарының негізгі бөлігі Отырар ауданындағы «Шәміл-Дүр» жастар саябағында жүргізілді. Қатысушылар саябақ аумағындағы шөптерді шауып, ретсіз шашылған қоқыстарды жинап, көшет егу жұмыстарын жүргізді. Жиналған қоқыс қалдықтарын арнайы көліктерге тиеп, белгіленген полигондарға шығарды.
Аудан орталығынан бөлек барлық ауыл округтерін қамтыған сенбілік жұмыстарына 2000-ға жуық адам қатысып, 18 арнайы техниканың көмегімен 30 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды.
«Таза Қазақстан» жалпыхалықтық шарасы аясында аудан аумағында тұрақты түрде жүргізіліп келе жатқан тазалық жұмыстарына отырарлықтардың бір кісідей атсалысуы – тазалықтың тек жекелеген мекемелердің ғана емес, баршаға ортақ міндет екенін көрсетіп отыр. Әсіресе, жастардың белсенділігі қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің қалыптасып келе жатқанын аңғартады.
Сенбілік барысында аудан өнерпаздары да қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, концерттік бағдарлама ұсынды.
#ТазаҚазақстан

Previous Post

Next Post

Нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы күрес

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде