masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Ұлттық ұланның артиллериялық-зениттік дивизионы атыс дайындығын жетілдіруде.

24 сентября, 2026
in Uncategorized
0
Ұлттық ұланның артиллериялық-зениттік дивизионы атыс дайындығын жетілдіруде.
0
SHARES
10
VIEWS
БөлісуТуиттеу

21-25 қыркүйек күндері Шымкент қаласы маңындағы Қаратау оқу-жаттығу орталығында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының артиллериялық-зениттік бөлімшелері далалық оқу-жаттығу өткізіп жатыр.

6506 әскери бөлімінің оқу-жаттығу орталығында миномет және зениттік батареялардың құрамындағы жүзден астам әскери қызметші дайындығын жетілдіріп, атыс тапсырмаларын орындау кезінде өзара іс-қимыл мен дәлдікті пысықтауда.

Далалық шығудың негізгі мақсаты – әскери қызметшілердің кәсіби даярлық деңгейін арттырып, бөлімшелердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға әзірлігін қамтамасыз ету.

Қаратаудың күрделі шатқалы бекер таңдалған жоқ. Тау-тасты, ойлы-қырлы жоталар жауынгерлердің түрлі жағдайда әрекет ету машығын шыңдайды.

Сондықтан сарбаздар жер бедерін жылдам бағалап, жағдайға тез бейімделіп, өзара үйлесімді әрекет етуді үйреніп жатыр. Мұның бәрі қойылған жауынгерлік тапсырманы дәл орындауға бағытталған.

Айта кетейік, бұл өңірдің құқықтық тәртіп әскерінің тарихында өзіндік орны бар. Себебі дәл осы Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінің базасында Ұлттық ұланның алғашқы артиллериялық-зениттік бөлімшесі құрылған. Кейін мұндай бөлімшелер Петропавл мен Ақтөбеде де құрылды.

Қаратаудың күрделі қыраттары ұландықтардың даярлығын шыңдай түсетін қосымша факторға айналды. Далалық жағдайда әр есептоп мүшесінің іс-қимылы маңызды. Өйткені атыс тапсырмасының дәл әрі нәтижелі орындалуы жауынгерлердің шеберлігі мен өзара үйлесімді әрекетіне байланысты.

Previous Post

Атом энергетикасының болашағын кім қалыптастырады және әлем елдері қандай технологияларды таңдайды?

Next Post

Артиллерийско-зенитный дивизион Национальной гвардии совершенствует огневую подготовку.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде