masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home жастар

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа өнеге»: ұландықтар оқушыларға Ерлік сабағын өткізді.

15 сентября, 2026
in жастар, Жаңалықтар
0
«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа өнеге»: ұландықтар оқушыларға Ерлік сабағын өткізді.
0
SHARES
12
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінде «Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі» акциясы аясында «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа өнеге» тақырыбында Ерлік сабағы өтті.

Тағылымды шараға №156 жалпы білім беретін мектептің «Жас бүркіт» спорттық, әскери-патриоттық сыныбының оқушылары, №210 мектеп-лицейінің, №166, №205 және №149 жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, Принтмедиа технология колледжінің студенттері мен «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысты.

Кездесу әскери бөлімнің саптық алаңында басталды. Оқушылар бөлімнің күнделікті тыныс-тіршілігімен танысып, әскери техника мен қару-жарақ үлгілерін көрді. Сондай-ақ сарбаздардың тұрмыс жағдайы, әскери байланыс және радиациялық, химиялық, биологиялық қорғаныс құралдарының қызметі туралы ақпарат алды.

Шараның негізгі бөлігі мәдени-демалыс орталығында жалғасты. Әскери бөлімнің Ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы майор Берік Алмағанбетов жастарды Отанды сүюге, елге адал қызмет етуге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және ата-баба аманатына берік болуға шақырды.

Мәдени-демалыс орталығының бастығы капитан Жасұлан Қуаныш «Ел қорғаған ерлердің ерлігі» тақырыбында патриоттық тәрбие сағатын өткізіп, Отан қорғаушылардың ерлігі, азаматтық жауапкершілік пен елге қызмет етудің маңызына тоқталды.

Ерлік сабағында оқушыларға Ұлттық ұланның жауынгерлік қызметі, майор Ж. Баянбаев, майор Е. Отарбаев және аға сержант Ө. Мәжиттің ерлігі мен қызмет жолы туралы бейнероликтер көрсетілді.

Жастарға кәсіби бағдар беру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Академиясы туралы деректі фильм ұсынылып, әскери жоғары оқу орнына түсу тәртібі, әскери мамандықтар және Ұлттық ұлан қатарындағы қызметтің мүмкіндіктері түсіндірілді.

Шара концерттік бағдарламамен жалғасты. №156 мектептің оқушылары Айару Телжан, Нұрхат Арыстанбек және Дильяр Асанов Отан мен әскери қызмет тақырыбындағы өлеңдерін оқыды. Ефрейтор Нұрлан Сқатаев «Жаса, қазағым!» әнін орындаса, қатардағы жауынгер Азиз Темірбек қазақ күйлерінен попурри ұсынды.

Кездесу соңында әскери бөлім командирі патриоттық тәрбие жұмыстарына белсенді атсалысқан ұстаздар мен оқушыларды Алғыс хаттармен марапаттады.

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі» акциясы аясындағы кездесу жасөспірімдердің әскери қызмет туралы танымын кеңейтіп, олардың бойында отансүйгіштік, тәртіп, жауапкершілік және елге қызмет ету құндылықтарын қалыптастыруға бағытталды.

Previous Post

В ШЫМКЕНТЕ ОБСУДИЛИ ВОПРОСЫ ПОВЫШЕНИЯ ЭФФЕКТИВНОСТИ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ НПО В СФЕРЕ РАЗВИТИЯ ГРАЖДАНСКОГО ОБЩЕСТВА

Next Post

Қазақстан мен Корея Республикасы арасында өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы бірқатар меморандумға қол қойылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде