masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚҚДИ ЗЕРТТЕУІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 86,7%-Ы ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ БІЛДІРЕДІ

14 сентября, 2026
in Жаңалықтар
0
ҚҚДИ ЗЕРТТЕУІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 86,7%-Ы ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ БІЛДІРЕДІ
0
SHARES
8
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Қазақстандықтардың басым бөлігі негізгі мемлекеттік институттарға сенім білдіреді және елдегі жағдайды оң бағалайды. Бұл Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген 2026 жылдың III тоқсанындағы қоғамдық-саяси жағдайдың негізгі индикаторлары зерттеуінің нәтижелерімен расталады.
Ел Президентіне деген сенім деңгейі өсіп келеді – 86,7%. Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 3 пайыздық тармаққа өсті.

Сенімнің жоғары деңгейі негізінен енгізіліп жатқан өзгерістердің ұдайы қоғам назарында болуымен байланысты. Респонденттердің 65,8%-ы Президенттің бастамалары туралы ақпаратты тұрақты түрде немесе оқтын-оқтын алып тұрады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірқатар бастамалары, оның ішінде өткен жылы Қазақстан халқына Жолдауында айтылып, қазіргі уақытта іс жүзінде іске асырылып жатқан бастамалары азаматтар тарапынан қолдау тауып отыр.
Үшінші тоқсан қорытындысы бойынша ең көп қолдау тапқан үш бастаманың қатарына бір палаталы Құрылтайға көшу, 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау, сондай-ақ «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім алуға арналған қаражатты есептеу және пайдалану бастамалары кірді.

Технологиялық даму, атом энергетикасы, білім мен ғылым саласындағы, сондай-ақ «Таза Қазақстан» аясында іске асырылатын бастамалар айтарлықтай қоғамдық қызығушылық тудырып отыр.

Осылайша, қолдаудың жоғары деңгейі ел дамуының жалпы бағытына ғана емес, институционалдық құрылымға, жаңа технологияларға, адами капиталға және азаматтардың өмір сүру сапасына қатысты нақты шешімдерге де қатысты болып отыр.
Жалпы алғанда, III тоқсанның нәтижелері мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейінің тұрақты сақталғанын және елдегі ахуалдың негізінен оң қабылданатынын көрсетеді.

Сауалнама 31 шілде мен 16 тамыз аралығында жүргізіліп, Қазақстанның 18 жастан асқан ересек тұрғындарының жынысы, жасы, елді мекен түрі және тұрғылықты өңірі бойынша құрылымын көрсететін ұлттық іріктеме негізінде 2 400 респондентті қамтыды. Іріктеменің ең жоғары ауытқу шегі 95% сенімділік ықтималдығында ±2%-дан аспайды.

Previous Post

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

Next Post

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде