masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11 сентября, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи
0
SHARES
13
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкентте жастар арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу және цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған кешенді түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Бүгін Жұмабек Тәшенев атындағы университетте студенттер, оқытушылар, цифрландыру саласының сарапшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен заңгерлердің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлерді түсіндіру, кибералаяқтықтың кең таралған тәсілдері туралы ақпарат беру және күнделікті цифрлық гигиена дағдыларын қалыптастыру. Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемеловтің айтуынша, мегаполисте интернет-алаяқтыққа қарсы күрес ведомствоаралық деңгейде ұйымдастырылған.

«Республикалық айлық аясындағы басты мақсатымыз – оқушылар мен студенттерді барынша кең қамтып, оларға цифрлық гигиенаның практикалық дағдыларын үйрету және интернеттегі ойланбай жасалған әрекеттердің құқықтық салдарын түсіндіру», – деді Мұхит Кемелов.

Оның сөзінше, қазіргі киберқауіптерден қорғану үшін жастарға күрделі техникалық білімнен бұрын дұрыс цифрлық әдеттерді қалыптастыру маңызды.
«Кибергигиена – күрделі технологиялар туралы емес, күнделікті өмірдегі қарапайым әдеттер туралы. Осы ережелерді тұрақты сақтайтын болсақ, интернет-алаяқтардың арбауына түсу қаупін айтарлықтай азайта аламыз», – деп атап өтті басқарма басшысы.

Кездесуде жеке деректердің қауіпсіздігіне де ерекше назар аударылды. Мамандар алаяқтардың жалған сайттар мен фишингтік сілтемелер арқылы азаматтардың жеке мәліметтерін иемденуге тырысатынын ескертті.
«Студенттерге сайттың мекенжай жолағына мұқият қарауға кеңес береміз. Алаяқтар танымал ресурстардың дәлме-дәл көшірмелерін жасап, домен атауындағы бір-екі таңбаны ғана өзгертуі мүмкін. Мұндай сайттарға енгізілген логин мен пароль алаяқтардың қолына түсіп, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарға қол жеткізуі ықтимал», – деді Мұхит Кемелов.

Сонымен қатар, сарапшылар сенімді пароль құру, екі факторлы аутентификацияны қосу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларды қорғау жолдарын түсіндірді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер мамандарға интернет-алаяқтықты анықтау, фишингтен қорғану және жеке аккаунттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты практикалық сұрақтарын қойды.
Мамандардың пікірінше, киберқауіпсіздік – тек ІТ мамандарының міндеті емес, әр азаматтың күнделікті жауапкершілігі. Сондықтан жастардың цифрлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Previous Post

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

Next Post

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде