masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖАСТАРДЫ КИБЕРҚАУІПТЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ САБАҚТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

10 сентября, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Как уберечь молодежь от киберугроз: в Шымкенте продолжаются уроки цифровой грамотности
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Орталық Азия инновациялық университетінде кибергигиена және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараға студенттер мен оқытушылар, сондай-ақ цифрлық сауаттылық саласының сарапшылары, полиция қызметкерлері және заңгерлер қатысты.

Ауқымды түсіндіру кездесулері мегаполистің барлық аумағында «Кибермәдениет айы» қалалық айлығы аясында ұйымдастырылуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалардың негізгі мақсаты – жастардың цифрлық алаяқтардың айла-тәсілдеріне қарсы иммунитетін қалыптастырып, жеке деректерін қорғауды үйрету.

Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Қырғызбаевтың айтуынша, тиімді алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында басқарма құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмысты жолға қойған.

«Полиция департаменті мен біздің басқарма арнайы жұмыс тобын құрып, белсенді жұмысқа кірісті. Басты мақсатымыз – оқушылар мен студенттерге заң талаптарын түсіндіру, қазіргі таңда кездесетін қауіп-қатерлер туралы ақпарат беру, қателіктерге жол бермеуге көмектесу және алаяқтардың арбауына түсуден сақтандыру. Жастарды күмәнді схемалардан аулақ болуға шақырамыз», – деді Ернұр Қырғызбаев.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың ауқымына тоқталған басқарма басшысының орынбасары профилактикалық іс-шаралардың білім берудің әртүрлі деңгейлерін қамтып отырғанын атап өтті.

«Бүгінде біз бес университетті, үш колледжді және үш мектепті қамтыдық. Бұл түсіндіру жұмыстарын қаланың барлық білім беру ұйымдарында жалғастырамыз. Қазіргі таңда интернет-алаяқтық кең таралған. Сондықтан біздің міндетіміз – нақты мысалдар арқылы цифрлық қауіпсіздіктің негізгі қағидаларын түсіндіру. Цифрлық технологиялар кеңінен қолданылатын заманда жастардың алаяқтардың арбауына түспеуі үшін барынша сақ болғаны маңызды», – деп атап өтті Ернұр Қырғызбаев.

Ашық диалог барысында сарапшылар студенттерге кибергигиенаның негізгі ережелерін де еске салды. Атап айтқанда, күрделі әрі бірнеше таңбадан тұратын құпиясөздерді пайдалану, екі факторлы аутентификацияны қосу, күдікті сілтемелерді ашпау және құпия деректерді бөгде адамдарға бермеу қажеттігі түсіндірілді.

Сонымен қатар интернеттегі ойланбай жасалған әрекеттердің құқықтық салдарына, соның ішінде дропперлікке тартылу қаупіне ерекше назар аударылды.

Мұндай кездесулер студенттермен қатар оқытушыларға да заманауи технологиялық және қаржылық қауіп-қатерлерден сенімді қорғану жолдарын түсінуге және цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Previous Post

Как уберечь молодежь от киберугроз: в Шымкенте продолжаются уроки цифровой грамотности

Next Post

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де Мемлекет басшысының құнды ой-тұжырымы топтастырылған жинақ таныстырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде