masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

8 сентября, 2026
in Uncategorized
0
Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз
0
SHARES
7
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түлкібас ауданының Еңбек ауылы салауатты өмір салтын ұстанып, толықтай «Ішімдіксіз ауыл» мәртебесін иеленді. 131 үйі бар, мыңнан аса тұрғыны бар елді мекенде соңғы 3 жылда алкоголь мүлдем сатылмайды, ал соңғы 2 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген.
✅Ауылдың тыныс-тіршілігі өзгеріп, балалардың шат күлкісі, ақсақалдардың мазмұнды әңгімелері, әжелердің салт-дәстүрді дәріптеуі ауылдың рухани келбетін айшықтап келеді. Отбасылық береке мен тыныштықты нығайту — ауыл тұрғындарының басты ұстанымына айналған.
Мектептерде, мешіттер мен мәдениет үйлерінде «Салауатты өмір – жарқын болашақ кепілі» атты кездесулер өткізіліп, жастарға алкогольдің зияны жан-жақты түсіндірілуде.
‍♂️Еңбек ауылының учаскелік полиция инспекторы Ерсейт Молдақұловтың айтуынша, ішімдік — қылмыс пен тұрмыстық жанжалдың негізгі себептері. Сондықтан ауылдың бұл бастамасы – құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған тиімді жобалардың бірі.
Бүгінде ауыл тұрғындары той-мерекелерді де ішімдіксіз өткізуді дәстүрге айналдырып, қоғамға үлгі боларлық орта қалыптастырды. Еңбек ауылы «ішімдіксіз орта мен қауіпсіз қоғам» қағидатының нақты дәлелі.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
#ЗАҢменТӘРТІП

Previous Post

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Next Post

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде