masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

7 сентября, 2026
in Uncategorized
0
Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Алматы қаласының Орталық стадионында өткен әлемдік музыка сахнасының жұлдызы Энрике Иглесиастың концертінде ұландықтар қауіпсіздік шараларына жауапты болды.

Мегаполистің мәдени өміріндегі айтулы кешке мыңдаған көрермен жиналып, қаладағы қоғамдық өмірге ерекше серпін берді.

Ауқымды шараның жоғары деңгейде әрі қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге құқық қорғау органдарымен қатар ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілері де жұмылдырылды.

Бұл бөлімнің негізгі міндеттерінің бірі – Алматы қаласындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соның ішінде мәдени-көпшілік іс-шаралар кезінде қызмет атқару.

Ұландық жауынгерлер концерт барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көрермендер легін бақылау бағытында қызмет атқарып, әрбір учаскеде жоғары жауапкершілік пен қырағылық танытты.

Мыңдаған адамның басын қосқан кеште әскери қызметшілердің жинақылығы мен кәсіби дайындығы айқын көрінді. Жауынгерлер көрермендермен қарым-қатынаста сыпайылық танытып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде сабырлылық пен қырағылықты қатар ұстанды.

Ұлттық ұлан жауынгерлерінің бұл қызметі – үлкен мәдени шаралардың қауіпсіз өтуіне қосылған елеулі үлес. Себебі сахна сыртындағы тыныштық пен тәртіп те – көпшіліктің көңіл күйі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды қызмет.

Previous Post

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

Next Post

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде