masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ҰЛАНДЫҚ САРБАЗ «CYBER ARMY CUP 2026» ТУРНИРІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ.

4 сентября, 2026
in Uncategorized
0
ҰЛАНДЫҚ САРБАЗ «CYBER ARMY CUP 2026» ТУРНИРІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ.
0
SHARES
6
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен және Алматы гарнизонының әскери прокуратурасының ұйымдастыруымен мерзімді әскери қызметшілер мен әскери оқу орындарының курсанттары арасында EA SPORTS FС 26 ойыны бойынша Cyber Army Сuр 2026 турнирі өтті.

Турнирдің мақсаты — әскери қызметшілер арасында командалық рухты нығайту, салауатты бәсекелестік мәдениетін қалыптастыру және киберспортты дамыту.

Жарыс барысында катысушылар өзара бақ сынап, үздік ойыншылар мен үздік командалар аныкталды.

Алматыда мерзімді әскери қызметшілер мен курсанттар арасында өткен «Cyber Army Cup» киберспорт турнирінде Ұлттық ұланның 7552 әскери бөлімінің сарбазы Санжарбек Мамадалиев жүлделі III орынды иеленді.

Алматы гарнизоны әскери прокуратурасының ұйымдастыруымен өткен сайысқа Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, ІІМ Ұлттық ұланы, ҰҚК Шекара қызметі, Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжінің өкілдері қатысты.

Тартысты бәсекеде қатысушылар киберспорттағы шеберліктерін көрсетіп, өзара мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысында 0111 әскери бөлімінің сарбазы Ердәулет Бүлеген I орынды иеленіп, MacBook ноутбугімен марапатталды. II орынға 97617 әскери бөлімінің сарбазы Бекзат Тіленген ие болып, Apple Watch сағатын алды.
Ал III орынды Ұлттық ұланның 7552 әскери бөлімінің сарбазы Санжарбек Мамадалиев пен 28237 әскери бөлімінің жауынгері Амиров Асылжан иеленді. Қос жүлдегерге AirPods сымсыз құлаққаптары табысталды.

Ұландық сарбаздың бұл жетістігі әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлықпен қатар, заманауи цифрлық технологиялар мен киберспорт бағытында да өз қабілеттерін шыңдап келе жатқанын көрсетті.

«Cyber Army Cup 2026» турнирі жас әскери қызметшілердің цифрлық сауаттылығын арттыруға, ақпараттық қауіпсіздік саласына қызығушылығын дамытуға және логикалық ойлау мен жедел шешім қабылдау қабілеттерін жетілдіруге бағытталған.

Осындай заманауи форматтағы жарыстар әскердегі ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін нығайтып, әскери қызметшілердің жаңа технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін меңгеруіне серпін бермек.

Previous Post

Салық саласындағы ашықтық – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізі

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде