masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бас қолбасшының бақылауында: Ұлттық ұланның Жетісудағы әскери бөлімі тексерілді.

3 сентября, 2026
in Жаңалықтар
0
Бас қолбасшының бақылауында: Ұлттық ұланның Жетісудағы әскери бөлімі тексерілді.
0
SHARES
5
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Жетісу облысының орталығындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетін атқаратын 5514 әскери бөліміне Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков арнайы атбасын бұрды.

Ол ең алдымен жаңадан салынатын әскери қалашықтың жобасымен танысты.

Бұдан кейін 1 және 2-батальондарды, сондай-ақ 3-жедел мақсаттағы ротаны аралап, жеке құрамның жауынгерлік қызметі мен күнделікті тұрмысын көрді. Мұндағы сарбаздар күн сайын қала көшелерінде жауынгерлік қызмет атқарады. Бұл міндет қырағылықты, жоғары дайындықты және жауапкершілікті талап етеді.

Сапар барысында Аңсаған Скендерұлы сарбаздардың тұрғын үй-жайларын, асханаларын, оқу және дайындық сыныптарын тексерді. Әскери техникаларға арналған парктың жұмысы да назардан тыс қалмады.

Сонымен қатар ол әскери бөлімнің кинология бөлімшесі мен «Бүркіт» арнайы жасағының қызметімен де танысты. Арнайы бөлімшелердің жауынгерлік даярлығына, қызметтік иттерді дайындау барысына және жеке құрамның кәсіби шеберлігіне назар аударды. Әскери қызметшілер өздерінің күнделікті қызметі мен жауынгерлік міндеттерді орындау барысы туралы баяндады.

Бөлімдегі жағдаймен танысқан Бас қолбасшы жеке құрамның қызмет өткеруіне қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығына тоқталып, бөлім басшылығына бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде әскери қызметшілердің тұрмысы мен қызмет жағдайын одан әрі жақсартудың жаңа бағыттарын қарастыру міндеті қойылды.

Previous Post

В Шымкенте 23 призывника отправились на военную службу

Next Post

Под контролем Главнокомандующего: проверена воинская часть Национальной гвардии в Жетысу

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде