masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Мектепке жол»: 6698 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің балаларына қолдау көрсетілді

27 августа, 2026
in Жаңалықтар
0
«Мектепке жол»: 6698 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің балаларына қолдау көрсетілді
0
SHARES
6
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Жаңа оқу жылының басталуына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында Шымкент қаласында орналасқан 6698 әскери бөлімінде игі іс-шара өтті.

Акцияның басты мақсаты – әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсетіп, балалардың жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауына жағдай жасау.

Іс-шара барысында әскери қызметшілердің бірнеше баласына жаңа оқу жылына қажетті мектеп құрал-жабдықтары салынған сөмкелер табысталды. Оқу құралдары мен мектепке қажетті заттар балалардың білім алуға деген қызығушылығын арттырып, жаңа оқу жылына тың серпін берері сөзсіз.

Бұл шараға әскери бөлімнің Ардагерлер кеңесі де белсене ат салысып, жас ұрпаққа қолдау көрсетуге өз үлестерін қосты. Ардагерлердің өнегесі мен қамқорлығы – әскери ортадағы сабақтастықтың және ізгіліктің жарқын көрінісі.

Әскери бөлім командирі полковник Бауыржан Нуралиев балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оларға мектепке қажетті оқу құралдары салынған сөмкелерді өз қолымен табыстады.

«Білім – болашақтың берік негізі. Әр баланың сапалы білім алып, өз арманына жетуіне жағдай жасау – баршамызға ортақ міндет. Жаңа оқу жылында жақсы оқып, ата-аналарыңның үмітін ақтап, елге пайдалы азамат болып өсулеріңе тілектеспін», – деді бөлім командирі.

Іс-шара барысында балаларға жылы лебіздер айтылып, жаңа оқу жылына сәттілік тілектері білдірілді. Өз кезегінде бүлдіршіндер көрсетілген қамқорлыққа ризашылықтарын білдіріп, қуаныштарын жасырмады.

«Мектепке жол» акциясы – қайырымдылық пен жанашырлықты насихаттап, әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсетудің жарқын үлгісі. Мұндай игі бастамалар балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, қоғамдағы өзара көмек пен мейірімділіктің маңызын арттыра түседі.

 

Previous Post

Борьба со стихийными свалками

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ШАХМАТ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде