masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТүркПА БАҚЫЛАУШЫЛАР МИССИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ОҢ БАҒА БЕРДІ

24 августа, 2026
in Жаңалықтар
0
ТүркПА БАҚЫЛАУШЫЛАР МИССИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ОҢ БАҒА БЕРДІ
0
SHARES
4
VIEWS
БөлісуТуиттеу

ТүркПА халықаралық бақылаушылар миссиясы Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауы бірқалыпты әрі ұйымдасқан жағдайда өткенін мәлімдеді. Бақылаушылар сайлау барысының ашықтығын, барлық санаттағы азаматтардың дауыс беруге жасалған жағдайды және жастардың белсенділігін ерекше атап өтті.
Сайлауды бақылау қорытындысын Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясы (ТМПА) миссиясының басшысы Осман Местен таныстырды.
Оның айтуынша, миссия мүшелері Қазақстанның сайлау заңнамасы мен оған енгізілген өзгерістерді, сайлаушылар мен кандидаттарды тіркеу тәртібін, сайлауалды науқанның өту барысын, сондай-ақ сайлауды бақылауды ұйымдастыру тәртібін зерделеген.
Осман Местен биылғы сайлау науқанының елдің саяси даму жолындағы айрықша маңызына да тоқталды. 23 тамызда өткен сайлау Қазақстан бір палаталы Құрылтай жүйесіне көшкеннен кейінгі алғашқы парламенттік сайлау болды.
«Миссия сайлау органдарының науқанға дайындығын және оны өткізу жұмыстарын, соның ішінде сайлауды қамтамасыз ететін азаматтарды оқыту мен халықты ақпараттандыру шараларын оң бағалайды. Біз барған сайлау учаскелерінде дауыс беру ұйымдасқан түрде өтті. Сайлаушылар өз таңдауын еркін жасап, дауыс беру құқығын еш кедергісіз жүзеге асыра алды», – деді Местен.
Дауыс беру күні ТүркПА өкілдері Астана мен Алматыдағы сайлау учаскелерін аралып, олардың ашылуынан бастап дауысты санау процесіне дейін бақылаған.
Миссия мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне жасалған жағдайға да ерекше назар аударды. Бақылаушылар сайлау учаскелерінде пандустар, Брайль қарпіндегі арнайы үлгілер, сондай-ақ көру және есту қабілеті шектеулі азаматтарға арналған көмекші құралдар қарастырылғанын атап өтті. Орталық сайлау комиссиясының ақпараттық материалдары мен отырыстары да ымдау тіліне аударылған.
ТүркПА-ның Қоршаған орта, табиғи ресурстар және денсаулық сақтау комиссиясының мүшесі Махмұт Өзер Қазақстандағы сайлауды басқа елдердегі сайлау процестерімен салыстыра отырып, екі ерекшелікке баса назар аударды.
Біріншісі – барлық азаматтың дауыс беру құқығын жүзеге асыруына мүмкіндіктің берілуі. Мәселен, денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне бара алмайтын азаматтар мен шетелде жүрген қазақстандықтардың да дауыс беруіне толық жағдай қарастырылған. Екіншісі – Қазақстанның халықаралық бақылаушылар үшін ашық болуы.
«Дауыс беру барынша ашық өтіп, халықаралық байқаушылар үшін сайлау барысын бақылауға барлық жағдай жасалды», – деп түйіндеді Өзер.

Previous Post

ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ МИССИЯСЫ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ҰЛТТЫҚ ЗАҢНАМА МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ ӨТТІ

Next Post

«ЕУРОПАЛЫҚ НӘТИЖЕ»: ШЕТЕЛДІК САРАПШЫЛАР ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДАҒЫ АЗАМАТТАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде