masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы Шымкентте іске асырылуда

20 августа, 2026
in Uncategorized
0
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы Шымкентте іске асырылуда
0
SHARES
4
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Елімізде Үкімет қаулысымен бекітілген «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында Шымкент қаласының жылу, электр, ауыз су және су бұру желілерін жаңғырту көзделген. Негізгі мақсат – тозған инфрақұрылымды жаңарту, заманауи технологиялар енгізу, энергия ресурстарын автоматтандырылған есепке алу және желілерді қашықтан бақылау мүмкіндігін артты.

Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Азат Қайнарұлының айтуынша, қаладағы табиғи монополия субъектілері жаңғырту жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізуде.

Электр желілері бойынша «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС 2029 жылға дейін болжамды 48 млрд теңге инвестиция салып, 239 шақырым электр желісін жаңғыртуды, 117 трансформаторлық қондырғыны ауыстыруды және 197 мың автоматтандырылған электр энергиясын есепке алу жүйесін (АСКУЭ) енгізуді жоспарлап отыр. Ұлттық жоба аясында 2025 жылы 14 шақырым электр желісі жаңғыртылды. Қазіргі таңда құны 10 млрд теңге болатын жобада 59,2 шақырым желіні қайта құру, 19 трансформаторды ауыстыру және 49 мың АСКУЭ орнату жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын атқаратын мердігерді анықтау бойынша конкурс рәсімдері жүргізілуде. Нәтижесінде электр желілерінің тозу деңгейін 56 пайыздан 52 пайызға дейін төмендету көзделген.

Жылу желілері бойынша «Қуатжылуорталық-3» мекемесі құны 5,8 млрд теңге болатын жоба аясында 6 учаскедегі жалпы ұзындығы 11 шақырым магистральдық жылу желісін жаңғыртады. Мердігер ұйым анықталған. Биыл 318 млн теңгеге 1 шақырымға жуық жылу желісін ауыстыру жоспарланған. Жоба нәтижесінде жылу желілерінің тозуы 37 пайыздан 35 пайызға дейін төмендейді.

Ал сумен жабдықтау және су бұру жүйесінде «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС 2029 жылға дейін шамамен 73 млрд теңге көлемінде инвестиция бағыттауды жоспарлап отыр. Оның аясында 44 шақырым ауыз су желісі, 18,2 шақырым су бұру желісі жаңғыртылып, қаладағы 150 мың тұрғынның есептеу құрылғылары қашықтан ақпарат беретін жүйелерге ауыстырылады.

Осылайша, ұлттық жоба Шымкенттің инженерлік инфрақұрылымын жаңартып, желілердің тозуын азайтуға, қызмет көрсету сапасы мен сенімділігін арттыруға бағытталған.

Previous Post

День спорта в Шымкенте отмечен массовыми спортивными соревнованиями

Next Post

Национальный проект по модернизации энергетического и коммунального секторов реализуется в Шымкенте

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде