masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Құрылтай сайлауы – жаңа саяси жүйенің негізі

2 августа, 2026
in Uncategorized
0
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси жүйенің негізі
0
SHARES
9
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Құрылтай сайлауының құқықтық негізі – Конституция нормаларына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға, Президенттің сайлауды тағайындау туралы Жарлығына және Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларына сүйенеді.

Қазақстанда өтетін Құрылтай сайлауы – жаңа Конституция аясындағы ең маңызды саяси реформалардың бірі. Бұл институт заң шығарушы билікті қалыптастырудың жаңа моделін енгізіп, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтуді көздейді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауының маңызына тоқталып, бұл реформаның елдің саяси жүйесін түбегейлі жаңғыртуға бағытталғанын жеткізген болатын.

«Мемлекет басшысы ретінде еліміз үшін елеулі оқиғалар туралы алдын ала ақпарат беру өте маңызды деп санаймын. Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қоямын. Сайлау биыл тамыз айында өтеді», – деген Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде Құрылтай сайлауы тамыз айында өтетінін жеткізді.
Құрылтай сайлауының құқықтық негізі ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Жаңа Конституцияға сәйкес Құрылтай еліміздің жоғары өкілді заң шығарушы органы және оның депутаттары жалпыұлттық сайлау арқылы сайланады. Бұл нормалар Құрылтайдың мәртебесін, құрамын қалыптастыру қағидаттарын және сайлау тәртібінің негізгі конституциялық негіздерін айқындайды.

Атап айтқанда, Конституцияның 52-бабында Құрылтайдың құқықтық мәртебесі айқындалған. Бұл бапқа сәйкес Құрылтай – заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган. Ал 53-бапта Құрылтайдың құрамы, депутаттардың саны және олардың біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі арқылы сайланатыны белгіленген. 54-бапта Құрылтай депутатына қойылатын талаптар мен өкілеттікке қатысты негізгі нормалар бекітілген.
Сайлау науқанын ұйымдастыру және өткізу Орталық сайлау комиссиясының құзыретіне жатады. Комиссия сайлау күнтізбесін бекітеді, кандидаттарды тіркейді, учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын үйлестіреді және сайлау нәтижелерін ресми жариялайды. Осының бәрі заңда көрсетілген.

Мәселен, Құрылтай сайлауын өткізудің өтпелі тәртібі Конституцияның 95-бабында көзделген. Осы бапқа сәйкес жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін Президент бір ай ішінде Құрылтай сайлауын тағайындауға, ал сайлау Конституция күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде өткізілуге тиіс.
Сарапшылардың пікірінше, құқықтық негіздің нақты әрі айқын болуы сайлау процесінің заңдылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамның сайлау институтына деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан Құрылтай сайлауы Конституция мен конституциялық заңдардың талаптарына сәйкес өткізіліп, заң үстемдігі қағидатына сүйенуі тиіс.

Осылайша, жаңа Конституцияда көзделген Құрылтай сайлауының құқықтық негізі Конституция нормаларына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға, Президенттің сайлауды тағайындау туралы Жарлығына және Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларына сүйенеді. Бұл құжаттар сайлаудың заңдылығын, ашықтығын және демократиялық қағидаттарға сай өтуін қамтамасыз етеді.

Previous Post

Сайлауалды науқанда басты назар – еңбек адамы: партиялар мұғалімдерге, дәрігерлерге және өндіріс қызметкерлеріне не ұсынады?

Next Post

Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде