masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ӘР АЗАМАТТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

25 июля, 2026
in Cаясат, Жаңалықтар, Қоғам
0
0
SHARES
7
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Халқымыз ежелден елдің тұтастығын, татулығын бәрінен биік қойған. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген аталы сөздің мәні бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Себебі елдің берекесі мен тыныштығы, өсіп-өркендеуі әр азаматтың жауапкершілігіне, заңға деген құрметіне және қоғамдағы белсенділігіне тікелей байланысты.

Қазіргі таңда еліміз үшін маңызды қоғамдық-саяси кезеңдердің бірі – Құрылтай депутаттарын сайлау. Бұл – жай ғана саяси науқан емес. Бұл – әрбір азаматтың ел тағдырына деген жанашырлығын, мемлекет болашағына деген көзқарасын білдіретін маңызды мүмкіндік.

Біз әрқашан кейінгі буынға адал еңбек етуді, Отанды сүюді, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді, заңды сыйлауды өсиет етіп келеміз. Себебі заң мен тәртіп үстемдік құрған жерде ғана әділдік орнайды, халықтың бірлігі бекиді, мемлекет нығая түседі. Қоғамдағы тұрақтылық – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз.

Қандай кезең болмасын, елдің ертеңі халықтың ауызбіршілігімен өлшенеді. Бір-бірімізге құрметпен қарап, сабыр сақтап, заң талаптарын бұлжытпай орындасақ, алынбайтын асу жоқ. Осындай құндылықтар бізді әрқашан алға жетелейді.

Құрылтай депутаттарын сайлау – елдің ертеңіне бейжай қарамайтын азаматтардың таңдауы. Сондықтан бұл науқанға белсенді қатысу – әрбіріміздің азаматтық парызымыз. Өйткені әрбір дауыс – ел болашағына қосылған үлес. Бүгінгі саналы таңдауымыз ертеңгі ұрпақтың өміріне оң әсерін тигізеді.

Ақсақалдар қашанда елді бірлікке, татулыққа, парасаттылыққа шақырып келеді. Бұл жолы да барша жерлестерімізді ауызбіршілікті сақтауға, заң мен тәртіпті құрметтеуге және Құрылтай депутаттарын сайлауға белсенді қатысуға шақырамын.

Біз әрдайым елдің амандығын, жұрттың тыныштығын, ұрпағымыздың жарқын болашағын ойлауымыз керек. Осындай маңызды сәттерде әр азамат өз таңдауын жауапкершілікпен жасаса, мемлекетіміздің іргесі одан әрі беки түседі.

Еліміздің бірлігі бекем, халқымыздың ынтымағы мәңгі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Балтабай Жарылқасынов
Сауран аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы

Previous Post

23 тамызда Құрылтай сайлауы өтеді: Қазақстандықтар нені білу керек

Next Post

Тоқаевтың бастамасы – Қазақстанның бірегей тарихи ескерткіштері халықаралық мәртебеге ие болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде