masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІК — ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

24 июля, 2026
in Cаясат, Жаңалықтар, Қоғам
0
0
SHARES
16
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Құрметті аудан тұрғындары!
Алда өтетін Құрылтай сайлауы — еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл — мемлекетіміздің дамуына, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, елдің келешегіне қатысты маңызды бастамаларды қолдауға мүмкіндік беретін жауапты саяси науқан.
Қазақстанның басты құндылығы — ел бірлігі мен ұлтаралық татулық. Көпұлтты мемлекетімізде түрлі этнос өкілдерінің өзара түсіністік пен сыйластықта өмір сүруі — Тәуелсіздігіміздің ең үлкен жетістіктерінің бірі. Осындай берекелі бірлікті сақтап, елдің өркендеуіне үлес қосу — әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Құрылтай сайлауы — халықтың ұсыныстары мен пікірлері ескерілетін, қоғамның өзекті мәселелері талқыланатын маңызды алаң. Сондықтан бұл саяси науқанға белсенді қатысу — азаматтық жауапкершіліктің, туған елдің болашағына деген жанашырлықтың айқын көрінісі.
Сауран ауданында түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, ауданның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына өз үлестерін қосып келеді. Өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігі де қоғамдық келісімді нығайтуға, достық пен өзара құрмет құндылықтарын дәріптеуге тұрақты атсалысып келеді.
Осы орайда, аудан тұрғындарын, барлық этнос өкілдерін ел болашағына бейжай қарамай, Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырамын. Әрбір азаматтың дауысы — елдің ертеңіне деген сенімнің, тұрақтылық пен бірлікті қолдаудың нақты көрінісі.
Береке мен татулықты ту еткен халқымыздың ынтымағы әрдайым нығая берсін. Бірлігіміз бекем, мемлекетіміздің келешегі кемел болсын! Ортақ мақсат жолында жұдырықтай жұмылып, еліміздің жарқын болашағы үшін азаматтық белсенділік танытайық.
Құрманбай Рысбеков,
Сауран аудандық өзбек этномәдени
қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Previous Post

БІРЛІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ

Next Post

23 тамызда Құрылтай сайлауы өтеді: Қазақстандықтар нені білу керек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде