masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ШЫМКЕНТТІ – ХАЛЫҚҚА ҚОЛАЙЛЫ ҚАЛА ЕТУ ҮШІН КҮШ БІРІКТІРУГЕ ШАҚЫРАМЫН

Бесінші мақсат – ШЫМКЕНТТІ – ХАЛЫҚҚА ҚОЛАЙЛЫ ҚАЛА ЕТУ.

24 февраля, 2021
in Қоғам
0
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ШЫМКЕНТТІ – ХАЛЫҚҚА ҚОЛАЙЛЫ ҚАЛА ЕТУ ҮШІН КҮШ БІРІКТІРУГЕ ШАҚЫРАМЫН
0
SHARES
10
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Қаламыздың табиғаты жайлы, қысы жұмсақ, су көздері мол. Сондықтан мұнда барлық уақытта қалың халық күн кешкен. Оны археологтар дәлелдеп отыр. Ендігі жерде қала тұрғындарын Шымкентті қолайлы қала ету үшін күш біріктіруге шақырамын.

Осылай айтқан шаһар басшысы Мұрат Әйтенов ең алдымен Шымкент қауіпсіз қала болуға тиіс екенін мәлімдеді.

Ол үшін қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. 109 автокөлік, 550 бейнетіркегіш және 1802 компьютерлік техника алынды. Қылмыс саны 21 пайызға төмендеді.

— Қалада қазір 2479 камера бар. Қосымша 3 740 камера қойылады. Оның 2240-ы көшелерге қойылса, бір жарым мыңы аулалар мен қоғамдық орындарға орнатылады. Қала қауіпсіздігінде түнгі жарықтандыру да маңызды. Шымкенттегі орталық 747 көшенің 220 көшесі немесе 30 пайызында жарық бар. 2021-2023 жылдары 70 пайыз көшені энергия үнемдейтін ЛЭД-шамдармен жарықтандыратын боламыз, — деді спикер.

Сонымен қатар, қаламыз қауіпсіз бола түсуі үшін тілсіз жаудан да сақ болу керектігін айтты. Былтыр қалада 207 өрт орын алған. Онда 6 адам қайтыс болып, 9 адам жарақат алды. Қаламызда 9 депо бар. Биыл қосымша 3 депо салынады деп жоспарланып отыр. Өткен жылы бұл бағытта 31 техника алынып, жабдықтау бойынша Қазақстанда алғашқы орынға шықты.
Фото: Береке СЕЙІТЖАППАР

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 5 754 ПӘТЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

Next Post

Шымкентте 221 мемлекеттік мекеме OPEN SPACE форматында жұмыс істейді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде