masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ 2021 ЖЫЛЫ 109 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

Сапалы жолдар – Инфрақұрылым бағытындағы басты өлшем. Былтыр қалада 417 шақырым жолға құрылыс және жөндеу жұмыстары жүрді. Жалпы саны 229 көше жөнделіп, 2019 жылмен салыстырғанда үш есе артық. Қала әкімі Мұрат Әйтенов халық алдында берген жылдық есебінде осылай деді.

24 февраля, 2021
in Қоғам
0
ШЫМКЕНТТЕ 2021 ЖЫЛЫ 109 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ
0
SHARES
19
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Қала әкімінің сөзінше, жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 56 пайыздан 60 пайызға жетті. 4 көпір қайта жөнделіп, 4 көпір салынды. Жаз мезгілінде қолайсыздық тудырғанымен шаһарда бірқатар көшелер жаңарып қалды.

– Биыл Қонаев даңғылын жалғастырамыз. 18 шақырымнан астам жол. Одан бөлек, 31 астам шақырымды құрайтын А-2 айналма жолының қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Аталған жолдардың құрылысын 2024 жылға дейін пайдалануға беру көзделуде. Нәтижесінде, Алматы-Ташкент бағытындағы тас жолды байланыстырады және қаланың транзиттік әлеуеті артады, -деді М.Әйтенов.

Сонымен қатар, осы жылы Рысқұлов – Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың құрылысы аяқталады. Биыл Бәйдібек би – Ұ.Арғынбеков, арғы жылы А.Назарбеков – Н.Назарбаев даңғылындағы жолайрықтың құрылысы басталады.

Айта кетсек, 2021 жылы 109 көше жөнделіп, жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 63 пайыздан асады.

Фото: Береке Сейітжаппар

Previous Post

ШЫМКЕНТ: 2021 ЖЫЛЫ 41 ШАҚЫРЫМ ЖЫЛУ ҚҰБЫРЫНА ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНДА 16 МЛРД ТЕҢГЕГЕ 32 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде