masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ШЫМКЕНТТЕ МӘДЕНИЕТ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ 30 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН ҚАРЖЫ ТАБУ ЖҮКТЕЛДІ

Шымкент қаласында 2021 жылы 10 кітапхана модернизациядан өткізіліп, қала халқы уақытын тиімді өткізетін мәдени орынға айналмақ.

24 февраля, 2021
in Мәдениет
0
ШЫМКЕНТТЕ МӘДЕНИЕТ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ 30 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН ҚАРЖЫ ТАБУ ЖҮКТЕЛДІ
0
SHARES
17
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Модернизациядан өткеннен кейін келушілер саны 4 есеге өседі деп жоспарланып отыр. Барлық кітапханалар «отбасылық кітапхана» концепциясымен дамиды. Қазіргі таңда, кітапханалар кешкі сағат 18-00-ге дейін жұмыс істесе, 1 наурыздан бастап Абай кітапханасы пилоттық режимде оқырмандарға 23:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов жылдық есебінде қаладағы кітапханалар мен мәдениет мекемелеріне қатысты тың жаңалықтармен бөлісті.

–Қаланың мәдени-рухани өмірінде оң өзгерістер бар. Бұл салаға жаңа мамандар келіп, жоғары талаптар қойылып отыр. Халықтың мәдени өмірін байытуға қажет өнер ұжымдары толықтай мемлекеттен субсидияланады. Мәдениет мекемелерінің жылдық бюджетінің 98 пайызын мемлекет берсе, тек 2 пайызын мекемелер тауып отыр. Биыл мәдениет мекемелеріне 30 пайызға дейін қаржы табу жүктелді. Халықты қызықтыратын жақсы қойылымдар қойып, мәдени бағдарламалар әзірлесе, халық бармайды емес, барады. Мәдениет саласы нарыққа жұмыс істейтін кез келді,-деді қала әкімі.

Сонымен қатар, шаһар басшысы өткен жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы болса, биыл Шымкент қаласының 2200 жылдығы төңірегінде ЮНЕСКО көлемінде бірқатар мәдени-рухани іс-шаралар жоспарланғанын мәлімдеді.

Фото: Береке Сейітжаппар

Previous Post

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮШІНШІ КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ ОРТАЛЫҒЫ ШЫМКЕНТТЕН АШЫЛАДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ 2021 ЖЫЛЫ 7 ЕЛДІ МЕКЕН САПАЛЫ АУЫЗСУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде