masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте Food City көкөніс және жеміс-жидек көтерме логистикалық сауда орталығы ашылды

15 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Шымкентте Food City көкөніс және жеміс-жидек көтерме логистикалық сауда орталығы ашылды
0
SHARES
21
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласында заманауи Food City көкөніс және жеміс-жидек көтерме логистикалық сауда орталығының салтанатты ашылуы өтті. Жоба сауда инфрақұрылымын дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға және тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған.

Орталықтың жалпы аумағы 5,2 гектарды, ал сауда алаңы 30 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда 300 сауда орны ашылып, 800 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Food City-дің басты ерекшелігі – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушіден тікелей тұтынушыға жеткізуге мүмкіндік беретін тиімді сауда жүйесінің қалыптасуы. Бұл артық делдалдарды азайтып, шаруалардың өнімін тиімді өткізуіне және тұрғындардың сапалы азық-түлікті қолжетімді бағамен сатып алуына жағдай жасайды.

Жобаның әлеуметтік бағыты да ерекше. Көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға және басқа да әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қолдау көрсету мақсатында 20 тегін сауда орны бөлінді.

Орталық халықаралық сауда байланыстарын дамытуға да мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей және Қытай мемлекеттерімен импорттық өнімдер жеткізу бойынша әріптестік орнатылған.

Кәсіпкерлер мен келушілер үшін барлық қолайлы жағдайлар қарастырылған. Орталықта 20 мың шаршы метрлік автотұрақ алаңы бар және ол 450 автокөлікті қатар қабылдай алады. Сонымен қатар, базар ғимаратының екінші қабатында жүк көлігі жүргізушілеріне арналған жатын бөлмелер, жуыну және тынығу бөлмелері, сондай-ақ заманауи тренажер залы қарастырылған. Бұл жүргізушілердің қауіпсіз әрі жайлы демалуына мүмкіндік береді.

Жобаның тағы бір маңызды артықшылығы – Food City Шымкент қаласындағы теміржол тұйығы бар жалғыз көтерме сауда базары. Үш бағытты теміржол тұйығының іске қосылуы жүк тасымалын жеделдетіп, логистикалық шығындарды азайтуға және өнім жеткізу жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл ауқымды жоба Шымкент қаласының инвестициялық әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өңірдің сауда-логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға өз үлесін қосады.

Іс-шара барысында жобаны жүзеге асырған кәсіпкер, «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері Сабира Тоймаханқызы Ормановаға және жобаға атсалысқан барлық азаматтарға алғыс білдірілді.

Food City көтерме логистикалық сауда орталығы – заманауи инфрақұрылым мен әлеуметтік жауапкершілікті ұштастырған, Шымкент қаласының экономикалық дамуына серпін беретін маңызды жоба.

Previous Post

Региональный кадровый резерв - эффективный лифт для молодых.

Next Post

АУДАН АУМАҒЫНДА ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде