masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ МАЯҚҰМ АУЫЛ ОКРУГІНДЕ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

20 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ МАЯҚҰМ АУЫЛ ОКРУГІНДЕ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
0
SHARES
5
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Маяқұм ауыл округінің тұрғындарымен кездесіп, округте атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде кеңінен баяндады.
Кездесу барысында Маяқұм ауыл округі әкімі аппаратының 2026 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары сараланып, ауыл шаруашылығы, ветеринария, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, мәдениет, құқық қорғау, абаттандыру және инфрақұрылым салаларындағы жұмыстар таныстырылды.
Ауыл шаруашылығы саласында жайылым жер мәселесін шешу бағытында Маяқұм, Бестам және Қостерек елді мекендерінен ортақ жайылымдық жерлерге мемлекеттік актілер алынғаны айтылып, қосымша жер алу бойынша құжаттар әзірленіп жатқаны жеткізілді. Сонымен қатар, агроқұрылымдардың жанар-жағармай мен тыңайтқышқа сұраныстары беріліп, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстары жалғасуда.
Су шаруашылығы бағытында Маяқұм және Аштархан каналдары тазаланып, Бозарық каналына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Әлеуметтік салада ауыл кәсіпкерлері мен азаматтарының демеушілігімен тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік, көмір, киім-кешек және қаржылай көмектер көрсетілгені атап өтілді. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының ынтымағының арқасында төтенше жағдайдан зардап шеккен отбасыға қолдау көрсетілген.
Кездесуде ауыл округіндегі денсаулық сақтау, мәдениет және құқық қорғау салаларындағы жұмыстарға да тоқталып, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, жастар тәрбиесі және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан шаралар баяндалды.
Абаттандыру және көріктендіру бағытында сенбіліктер ұйымдастырылып, көшеттер отырғызу, көше жарықтарын орнату, аяқжол салу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, Қостерек және Бестам елді мекендерінде ішкі газ құбырын тарту жұмыстары толық аяқталып, негізгі магистральды газ құбырының құрылысы жалғасып жатқаны айтылды.
Жиында алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар да таныстырылды. Атап айтқанда, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында бірқатар көшелерге орта жөндеу және асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп, бірнеше көше жарықтандырылатын болады. Сонымен бірге балалар ойын алаңшасын салу бойынша ұсыныстар берілгені жеткізілді.
Кездесу соңында аудан әкімі ауыл тұрғындарын бірлік пен ынтымаққа шақырып, ауылдың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді.

Previous Post

ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БАЛТАКӨЛ АУЫЛ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post

ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАЙРАТ ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ КӨКСАРАЙ АУЫЛ ОКРУГІНІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде