masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ЖАСЫЛ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТКЕ БАУЛУДА

19 мая, 2026
in Жаңалықтар, Экология, Қоғам
0
«ЖАСЫЛ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТКЕ БАУЛУДА
0
SHARES
6
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бірқатар білім ошақтарында KATKO компаниясының бастамасымен «Жасыл мектеп» экологиялық бағдарламасы жүзеге асырылуда. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында қолға алынған жоба өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
2025–2026 оқу жылында ауданның 5 мектебін қамтыған жоба аудан орталығындағы А.Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектептен бастау алды. Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова жобаның маңыздылығына тоқталып, жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
Сондай-ақ, мектеп директоры Әуесхан Сағындықов мұндай жобалардың білім беру ұйымдарында жүзеге асуы оқушылардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын жеткізді.
«КАТКО» БК ЖШС-нің коммуникациялар және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік басқармасының басшысы Айнаш Шеңгелбаева және Orano Mining компаниясының өкілі Гвинель Поте компанияның экологиялық бағыттағы жобаларды тұрақты түрде қолдап келе жатқанын айтып, «Жасыл мектеп» бағдарламасы арқылы экологиялық санасы жоғары ұрпақ қалыптасатынына сенім білдірді.
Ал ECO Network компаниясының негізін қалаушы Евгений Мухамеджанов ауыл мектептерінде мұндай жобаларды жүзеге асырудың тиімділігі жоғары екенін атап өтіп, балалардың экологиялық бастамаларға ерекше қызығушылықпен қатысатынын айтты.
Бағдарламаны KATKO компаниясы жүзеге асырса, жобаның операторы ретінде ECO Network компаниясы жұмыс атқарды. Жоба аясында оқушылар арасында қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, бүгінге дейін 1321 келі қағаз қалдығы, 102 келі пластик бөтелке, 56 келі пластик қақпақ және 52 келі алюминий жиналды. Сонымен қатар 30-дан астам экологиялық дәріс өткізілген.
Бағдарламаның ерекшелігі – жоғары сынып оқушыларынан құралған эко-рейнджерлер тобының кіші сынып оқушыларына экологиялық бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізуі. Бұл тәсіл оқушылардың табиғатты қорғауға деген қызығушылығын арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға оң әсерін тигізді.
Бүгінгі шарада Эко-Трак арқылы эко-фестиваль ұйымдастырылып, балалар жиналған пластик қақпақтарды қайта өңдеу процесіне қатысты. Аталған бағыттағы жұмыстар Сүгір Әліұлы және І.Кеңесбаев атындағы жалпы білім беретін мектептерде де ұйымдастырылды. Ал 20 мамыр күні экологиялық шаралар Абай және Ж.Қаламбаев атындағы жалпы білім беретін мектептерде жалғасын табады.
Айта кетейік, KATKO компаниясы бүгінге дейін Созақ ауданында әлеуметтік-экономикалық бағыттағы 490-нан астам жобаны жүзеге асырған.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖЫЛЫЖАЙЛАР МАУСЫМАРАЛЫҚ КЕЗЕҢДЕ ЕЛ СҰРАНЫСЫНЫҢ 45 ПАЙЫЗЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

Next Post

САРЫАҒАШТА ӨНДІРІСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде