masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

МАҚТААРАЛДА «МЫРЗАКЕНТ» МОНШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

18 февраля, 2021
in Қоғам
0
0
SHARES
20
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Мырзакент кенті — «аудан орталғы» статусына ие болғалы көркейіп, жан-жақты дамып келеді. Орталықта түрлі кәсіпкерлік нысандары ашылып, халыққа қызмет көрсету сапасы барынша жақсаруда.

Бүгін «Назар» шаруа қожалығының төрайымы, кәсіпкер Ұлболсын Асқарованың жеке қаражаты есебінен салынған «Мырзакент» моншасы ел игілігі үшін пайдалануға берілді. Қоғамдық кешеннің ашылу рәсіміне қатысқан ауданның кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Өсер Мырзамдамов әлемдегі қиын жағдайға қарамастан ауданда шағын және орта бизнес дамып келе жатқанын айтты.

«Жаһандық пандемияға қарамастан, Мақтаарал ауданында кәсіпкерлік нысандарының қатары күн сайын артуда. Міне, бүгін заманауи үлгіде салынған қоғамдық монша тұрғындарымыз үшін қызмет көрсетуді бастады. Бұл — ауданда шағын және орта бизнестің дамуының бір көрінісі» — деді Ө.Мырзамдамов.

Жаңа моншаның аумағы 1245 шаршы метрді құрайды. Ғимарат 16 соток жердің аумағында орналасқан. Нысанда 8 кешенді кабина және ерлерге, әйелдерге жеке-жеке қарастырылған жалпы кабиналар бар. Кабиналарда еуро-люкс стандарттарына сай келетін киім сақтайтын қойма, бассейн, жуынатын және кептірілетін бөлмелер бар. Моншаның іші кең, таза әрі ыңғайлы.

Мырзакент моншасы бір уақытта 120 адамды қабылдай алады. Кешенде қоғамдық тамақтану орны орналасқан және мұнда түрлі елдің асханаларынан дәм татуға жағдайлар қарастырылған. Тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету үшін 15 адам жұмысқа қабылданыпты. Тұрғындар үшін қызмет көрсету бағасы да қолжетімді болмақ.

Айта кетейік, жаңадан ашылған «Мырзакент» моншасында карантин режиміне байланысты санитарлық талаптар қатаң түрде сақталатын болады.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ «ТӨЛЕМ» ТРАНЗАКЦИЯЛАРЫ ЖАҢА РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ЖЕТТІ

Next Post

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ АСҚАР МАМИН ШЫМКЕНТ ПЕН ТҮРКІСТАНДЫ ДАМЫТУ ЖОБАЛАРЫН ТЕКСЕРДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде