masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША СОҢҒЫ 7 ЖЫЛДАҒЫ ЕҢ ЖОҒАРЫ ӨСІМ ТІРКЕЛДІ

24 мая, 2026
in Uncategorized
0
ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША СОҢҒЫ 7 ЖЫЛДАҒЫ ЕҢ ЖОҒАРЫ ӨСІМ ТІРКЕЛДІ
0
SHARES
5
VIEWS
БөлісуТуиттеу

2025 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласының жалпы өңірлік өнімі 5,7 трлн теңгені құрап, өсім 11%-ға жетті. Бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен (6,5%) едәуір жоғары. Нәтижесінде мегаполис өңірлер арасында Астана қаласынан кейін 2-ші орында.

Бұл – соңғы жеті жылдағы ең жоғары өсім қарқыны. Экономикалық өсімге өнеркәсіп өндірісінің артуы, жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы, өңдеу өнеркәсібіндегі жобалардың жүзеге асырылуы және инвестиция тарту жұмысының күшеюі оң серпін берді.

Сонымен қатар құрылыс саласындағы жоғары қарқын, тұрғын үй көлемінің ұлғаюы, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы және сауда айналымының кеңеюі өңір экономикасының кешенді дамуына ықпал етті.

Қазір жалпы өңірлік өнім құрылымында өнеркәсіп саласының үлесі 20%, ал сауда саласының үлесі 25,5%-ды құрап отыр.

Соңғы үш жылда өңір экономикасы қарқынды дамып, жалпы өңірлік өнім көлемі 2022 жылғы 3,3 трлн теңгеден 2025 жылы 5,7 трлн теңгеге дейін өсіп, шамамен екі есеге ұлғайды.

Сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 40,5%-дан 56%-ға дейін артты.

Previous Post

Отанға қызмет – болашаққа серпін

Next Post

В ШЫМКЕНТЕ ЗАФИКСИРОВАН РЕКОРДНЫЙ ЗА 7 ЛЕТ РОСТ ВРП

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде
imunify-bot-check