masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШАРДАРАДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

15 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ШАРДАРАДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА
0
SHARES
7
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шардара ауданында өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік бағыттағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстары жалғасып келеді. Солардың бірі – индустриялық аймақта орналасқан «Казкрахмал» ЖШС-нің жүгеріні терең өңдеуге арналған заманауи зауыты. Бұл жоба өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдерін қосымша құнмен өңдеу арқылы экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған.
Аудан әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев өндіріс орнында болып, зауыттың жұмыс барысымен танысты. Кездесу барысында кәсіпорынның атқарушы директоры Кияшбаев Руслан өндірістің қазіргі жағдайы мен алдағы даму жоспарлары жөнінде кеңінен мәлімет берді. Аудан басшысы кәсіпорынның стратегиялық маңызын атап өтіп, мұндай жобалар өңір экономикасының тұрақты өсуіне тікелей ықпал ететінін жеткізді.
Жалпы құны 35 миллиард теңгені құрайтын бұл ірі инвестициялық жоба Шардара ауданын агроөнеркәсіптік орталық ретінде дамытуға бағытталған. Қазіргі таңда кәсіпорында 138 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жоба толық қуатында іске қосылғаннан кейін жұмыс орындарының саны 550 адамға дейін ұлғайып, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Зауыт жылына 150 мың тоннаға дейін жүгеріні терең өңдеуге қауқарлы. Бұл көрсеткіш ауданның ғана емес, жалпы өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласындағы мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді. Бүгінгі күнге дейін кәсіпорынға 7500 тонна жүгері қабылданып, оның 2500 тоннасы толық өңделіп үлгерген. Қалған шикізат кезең-кезеңімен өндірістік циклге енгізілуде.
Өндіріс орнында жүгеріні қабылдау және бастапқы өңдеу кешені толық іске қосылған. Сонымен қатар, 30 мың тоннаға арналған сақтау қоймалары, дайын өнімді сақтауға арналған логистикалық алаңдар, әкімшілік ғимарат, жұмысшыларға арналған жатақхана мен асхана пайдалануға берілген. Бұл инфрақұрылым кәсіпорынның толық циклді өндіріс ретінде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Зауыт Түркияның Cemsan компаниясының заманауи технологиялық құрал-жабдықтарымен толық жабдықталған. Бұл өндірістің тиімділігін арттырып, өнім сапасын халықаралық стандарттарға сәйкес деңгейде ұстауға жағдай жасайды.
Сонымен қатар кәсіпорын барлық қажетті инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, ауыз су, табиғи газ, электр энергиясы және кәріз жүйелері толық тартылған. Бұған қоса, өндіріс орнына дейінгі асфальт жол да пайдалануға беріліп, логистикалық қолжетімділік жоғары деңгейде ұйымдастырылған.
Аудан әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев мұндай ауқымды инвестициялық жобалардың Шардара экономикасын дамытуға, өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға және халықты тұрақты жұмыспен қамтуға зор мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ, жобаның уақытылы әрі сапалы іске асырылуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Previous Post

ОРДАБАСЫ: ТЕМІРЛАН – ТҮРКІСТАН БАҒЫТЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Next Post

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде